Айман Бисенова: «Бізге мүмкіндік беріңіздерші»


Айман Бисенова: «Бізге мүмкіндік беріңіздерші»
Біздің қоғамда мүмкіндігі шектеулі жандарға өте қиын екендігі жайлы көп айтылады. Не тұрғын үй, көше, мемлекеттік мекеме, не көлік мүгедектігі бар адамдардың толыққанды өміріне  бейімделмеген. Алайда, олар әлеуметтендіруге мұқтаж әрі қолынан келетін жұмысты атқарғысы келеді.


Қызылорда облысы, Арал қаласында туған Бисенова Айман Бақытқызы кез-келген адам ешқандай физикалық жағдайына қарамастан кәсіпкер бола алатындығын көрсетті. Егер ынта мен ерік болса идеяны іске асыруға болатындығын дәлелдей білді.

           - Мен 11 жасқа толғанда қайғылы джағдайға душар болдым. Омыртқаларымның сынып, жұлыным зақымдалу салдарынан І-топ мүгедегі болып үйде отырып қалдым.  Әрі қарай білімімді үйде жалғастыруға тура келді.Үйде оқығанда мектептегідей толық білім ала-алмағандықтан, әрі қарай өзім ізденіп, ағылшын тілі және компьютер курстарын бітірдім.
            2003-2005 жылдар аралығында Арал ауданында «Арал теңізі» қоғам бірлестігінде «Ерікті» болып, шет елдіктермен жұмыс жасадым. Сол жылдар аралығында көптеген шет ел азаматтарымен танысып, жақсы араласып, ағылшын тілін еркін меңгеріп алдым. Қазіргі таңда Сан Францизко, Англия, Нью Иорк, Франция қалаларында тұратын достарыммен ғаламтор, ұялы телефондар арқылы хабарласып отырамын, -дейді ол.
          

2006 жылы Айман «Арал қаласы бойынша мүмкіндігі шектеулі мүгедектерді қорғау және қолдау» қоғамдық ұйымын құрады. Оның негізгі мақсаты мүмкіндігі шектеулі жандардың басын қосып, олардың мәселесін жариялау мен шешілуіне атсалысу және мүдделерін қорғау болған. Қоғам базасында сұлулық сайытары, жаңа жылдық кештер өткізілген. Айман мен оның жақтастары жыл сайын жаңа жыл алдында балалар үйі тәрбиеленушілеріне сыйлықтар табыстайды.  

- 2009 жылы  үйдің бір бөлмесіне аралас заттар сату дүкенін аштым. Біздің отбасы көпбалалы, сондықтан қосымша табыс еш кедергі етпейді.  2011 жылы «Даму» қоры 3 те 1 Samsung SCX-4300 принтерін сыйға берген болатын, сол принтердің арқасында мен дүкеніме қосымша ксерокопия, сканерлеу және қағаз басумен айналыстым. І-ші байқауда мен келешек дүкеніме қосымша компьютерлік қызмет көрсетумен айналысуды ойға ала отыра, жобамды «Даму» қорына ұсынып, ноутбук пен түрлі-түсті 3 те 1 принтерін ұтып алдым. ІІ-ші байқауда термо аппаратын ұтып алдым.
Қазіргі таңда қағаздар жазу, сканерлеу, фото шығару, ксерокс басу, тоқу және мекемелердің мақалаларын қазақшадан орысшаға, студенттердің сабақтарын қазақшадан ағылшыншаға аударумен айналысып отырмын. Қосымша балаларды да ағылшын тілінен оқытамын және заң жағынан да кеңестер беремін,- дейді Айман.

Айман өте талапкер адам. Ол жоғары білім алуды қатты аңсаған әрі өз мақсаты жолында бар ынтасымен берілді: 2006 жылы айман заңгер дипломын алады. Бұл бағытта білімді меңгеруі қоғамдық бірлестікті тіркеуде және мүгедектер мүддесін қорғауда септігін тигізді.

- 2013 жылы мен жаңа бизнес жоспарды әзірлеп шықтым. Бірінші байқаудағы жеңісімнен кейінгі жетістіктер мен нәтижелерімді жазып шықтым. Әділ қазыға менің белсенді жұмыс істеп жатқандығым ұнаған болуы керек, ақыр соңында маған көмектесіп, суреттерді CD, ыдысқа, футболкаға, бас киімге басатын термоаппарат алып берді, -дейді Айман.


Назад


Курс валют НБ РК
  • USD Доллар США 369.98
  • EUR Евро 428.7
  • CNY Кит. юань 53.48
  • RUB Рос. рубль 5.64
  • GBP Англ. фунт 486.49

-->