Экспресс регистрация
Логин:
Пароль:
 
Пол:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Повторите пароль:
Имя:

Өзі сұлу, спортшы әрі визажист


Өзі сұлу, спортшы әрі визажист
- Мен Өскемен қаласында өстім, сол жақта екінші сыныптан бастап тау шаңғысы спортымен айналыстым. Спорттық жетістіктерім маған көп ықпал етті, содан Қазақ денешынықтыру институтына тапсырдым. Үшінші курста жүргенде өз мамандығым бойынша жұмыс істей бастадым, яғни №7 ОРМБЖСМ-да нұсқаушы методист болып. Оқып жүргенімде біздің ЖОО-ның аты ауысып кетті, сонымен Қазақ мемлекеттік спорт және туризм академиясының денешынықтыру пәнінің мұғалімі мамандығын алып шықтым, оның ішінде шаңғы спортынан жаттықтырушы деген. Екі жыл жұмыс істеген соң спорт бағытындағы мәнсабымның аяқталғандығын түсіндім, - дейді Вера Королева.
Оның өз жұмысына деген көз қарасына қарап Вераның осы жолда ұзақ уақыттан бері айналысып келе жатқандығын әрі өте салмақты дайындық мектептен өткендігін байқауға болады. Негізінен ол ешқашан визажист болам деп ойлмаған. Оның үстіне Вера бүгінгі күні Алматыдағы ең сұранысқа ие шеберлердің бірі.
- Менің ойымша, қандай кәсіппен айналысу керектігін мен емес, сұлулық индустриясы мені таңдаған секілді. Бір күні өзім үшін макияждың 2-күндік курсына қатыстым, кейін осы бағытта өзімді дамытуды қолға алдым. Қаншалықты көп үйренген сайын сұлулық әлемін терең түсіне бастадым, оған қоса шексіз фантазиямен. Содан жаныма жақын хобби таптым, яғни табыс әкеле бастаған, - дейді Вера.

Қазір ол сол кезде нарықты талдаумен айналыспағандығын мойындауда. Аталған бағыт бойынша тәжірибесі мен байланыстары тіптен болмаған. Визажист болып бірден жұмыс істей қоймаған, өйткені ол кезде үлкен компанияда тұрақты жұмысы болған. Жұмыс кестесіне орай клиенттер мен жобалардан бас тартуына тура келген. Бір жарым жылдай біліктілігін арттырып, қолы бос кезінде ғана қосымша жұмыс атқарып келген.
- Мұндай қадамға бірден шешім қабылдай алмадым. Бұл хобби болған еді. Кейін хобби де табыс әкелетініне көзім жетті. Тапқан табысымды оқу мен материал шығындарына жұмсадым. Өз қызметімді жандандырумен айналыспадым, қазір ол жайында ойласам өкінем. Негізінен PR-ды көз бояушылық деп ойлайтынмын. Менің кәсібімде «ұзын құлақ» басты көмекші деп ойладым. Қазір клиенттер жұмысым мен мені көру үшін әрқашан көзге түсу керектігін түсіндім. Бұл тұрғыда интернет өте жақсы көмектеседі, -дейді ол.

Вера сонымен қатар, нарықта бәсекелестік осал еместігін мойындайды әрі оған қуана қарайды. Оған қоса, макияж қызметімен айналысатын екінің бірін шебер әрі бәсекелес деп атау қиын. Қуанышқа орай Алматыда мықты шеберлер бар, олардың шығармашылығына қарап тәнті боласың әрі үлкен құрметке лайық, оларды әріптес ретінде қабылдаймын. Әр кім өз шеберін іздейді және оны міндетті түрде табады.
- Бастапқыда достарымен туыстарым, әріптестерім алғашқы клиентім болды. Нағыз коммерциялық клиенттерім мені оқытқан шебердің ұсынуымен пайда болды. Қазіргі уақытта мен шаш стилисті қызметінде атқарам, яғни аквагример, боди-арт-көркемдеуші, аэрография шеберімін, оған қоса пластикалық грим шебері ретінде өзімді дамытудамын. Сонымен қатар, курстар өткізу арқылы өз тәжірибеммен бөлісудемін, -дейді шебер.


Назад


Курс валют НБ РК
  • USD Доллар США 334.32
  • EUR Евро 392.29
  • CNY Кит. юань 50.53
  • RUB Рос. рубль 5.63
  • GBP Англ. фунт 450.46

Доска объявлений