Экспресс регистрация
Логин:
Пароль:
 
Пол:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Повторите пароль:
Имя:

Бұлтты адам


Бұлтты адам
Қазақстандық Дата-Орталықтың негізін қалаушы Тахир Тақабаев  үлкен ғылым және кәсіпкерлік тәжірибеге ие адам, ҚазҰУ-дің мех-мат факультетінің түлегі. Тахир ғылыми әрі оқытушылық қызметпен айналысқан, әр жылдары МО ЭВМ зертханасын және ҚР ҰҒА компьютер орталығын, ұлттық компаниялар мен ірі коммерциялық құрылымның Ақпараттық Технология департаментін басқарған. Өндірістік бизнесте жұмыс істеген, яғни компьютерлік техниканы сату мен қызмет көрсету бойынша. Кейбір уақытта Тахир қазақстандық IT бойынша ЮНЕСКО сарапшысы қызметін атқарған.

Өндіріс пен сату бойынша үлкен тәжірибеге ие бола отырып Тахир Тақабаев  2007 жылы жеке инвестициялық жобасын құрайды.  Негізінен қарызға алған қаржысына Алматыда шағын бизнес-орталық тұрғызды, оның жарты бөлігін жалға беріп, жаңақұрылыстың ақталуын қамтамасыз етті. Біраз уақыт өткен соң ол жерде тәуелсіз коммерциялық Деректерді өңдеу орталығын  (ДӨО) ашты, яғни Дата-Орталықты.

- Коммерциялық ДӨО құру идеясын аяқастынан келді. Бұл технологиялық кешен, яғни сервердің көп мөлшерінің үздіксіз жұмыс істеуіне арналған. Бір сөзбен айтқанда үлкен сервер бөлмесі, -дейді ол.

ДӨО электроэнергетика әрі байланыс арналарының жоғары өндірісінің мықты желілер тоғысуынан құрылған. Алғашында Тахирдің кеңсесінде мықты энерготүйін болған, оған қоса құрылыс кезеңінің өзінде бірнеше оператор өз нүктесін жабдықтауды ұсынған. Алайда, Тақабаев ғылым жолында жүргеннен есептеу орталығы дегеннің не екенін білетін, өз кеңсесінде жалға алушыларға арнап жақсы сервер бөлмесін жабдықтайды. Кейінірек осы серверге басқа компаниялар мен жақын жердегі кеңсе орталықтары өз жабдықтарын орната бастайды. Осылайша коммерциялық ДӨО локальді идеясы өздігінен дами түсті.
- Қазақстанда ДӨО ірі операторларда бар. ДӨО-ға бірнеше байланыс операторлар желісі кіретіндіктен менің ДӨО-ғым жалпықабылданған классификация бойынша тәуелсіз коммерциялық болып табылады. ҚР нарығында біз Ahost сауда маркасымен жұмыс істейміз, -дейді Тахир.

Қазір Тахир өз өнімін әлеуметтік желілер арқылы жандандыруда, яғни кәсіби форумдар мен директ-жіберулер арқылы. Коммерциялық ДӨО-де бәсекелестік мықты. Мұнда негізінен «Қазтелеком» АҚ Ұлттық операторы тұр, оның қакзақстан бойынша 17 ДӨО-сі бар. Сонымен қатар, «Транстелеком» ірі операторы да өз ДӨО-сін қызметке енгізді. Алайда ел бойынша тәуелсіз коммерциялық ДӨО жоқ. Мәселен, Ресейде ДӨО-нің ТОП-50 тізіміндегі алтауы ғана байланыс операторына қарайды. Қалғандары тәуелсіз.


Назад


Курс валют НБ РК
  • USD Доллар США 334.32
  • EUR Евро 392.29
  • CNY Кит. юань 50.53
  • RUB Рос. рубль 5.63
  • GBP Англ. фунт 450.46

Доска объявлений