Экспресс регистрация
Логин:
Пароль:
 
Пол:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Повторите пароль:
Имя:

Қазақстанда қымыздан қанша ақша табуға болады


Қазақстанда қымыздан қанша ақша табуға болады
Көшпенділердің ұлттық сусыны қымыз бен ет өнімдерін сатумен айналысатын қазақстандық фермер Жылқыбай Ғалиақпаров жылына 45 млн теңгедей табыс табады. Мұндай табысқа қалай қол жеткізіп отырғандығы жөнінде «Жас» ауылшаруашылық қожалығының директоры LS басылымына айтып берді.

«Жас» ауылшаруашылық қожалығы Ақмола облысында 2003 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Қожалықтың басшысы Жылқыбай Ғалиақпаров ол кезде қой басының саны тіптен 50 жетпегендігін айтып еске алады. «Ол кезде менде 10-15 бас сиыр, 20 жылқы, 127 гектар егін салу алқабы болды. Қазіргі таңда 2800 гектар жерім бар, 350 іріқара, 270 жылқы және 550 бас қой бар. Келешекте табын жылқы басын мыңға жеткізуді көздеп отырмын, яғни адамдардың тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету үшін,  оған қоса өнім өндіруді де арттырмақпын», — деп өз жоспарымен бөлісті қожалық иесі.

Оның айтуынша, шаруашылықтың негізгі табыс көзі – қымыз екен. 2014 жылдың өзінде ғана фермер 60 мың тонна сусынды іске асырған, жазғы уақытта күніне 300-400 литрге дейін жеткізіп отырған. Сатылымнан түскен табыс 30 млн теңгені құраған. Қымыздың литрі – 500 тенге бағасында. «Жас» шаруашылығы өнімдерінің негізгі сатып алушылары Бұрабай курорттық санаториі, күніне 300-400 литрге дейін қымыз алып отырған. Жылқыбай Ғалиақпаров алдағы жылы қымызды шөлмекпен жеткізуді жоспарлап отыр, яғни жақын маңдағы қалалар үшін дайын тауар өнімі ретінде жасамақ. Ол үшін шаруашылықта жаңа қымыз цехы жасақталған және сусындарды айлап сақтауға мүмкіндік беретін екі өнім тоңазытқышы қойылған. Жаз мезгілінде қожалықтың негізгі табысы қымыз болса, қыста оның орнын ет өнімі басады. Ет өнімдерін сатудан түсетін табыс қымызға қарағанда екі есе аз, жылына 17 млн теңгені құрайды.

Санаториге жылына 15 тонна жылқы мен сиыр еті жеткізіледі. Оған қоса шаруа қожалығы еткомбинаттары мен Ресейге экспорттау өніміне 4 тоннадай ет өткізеді. Қожалықты қамтамасыз ету үшін жылына 10 млн теңге жұмсалады, жұмысшылардың жалақысын қоса алғанда. Жылқыбай Ғалиақпаровтың айтуынша, онда тұрақты түрде 25 адам жұмыс істейді, жұмыстың қызған шағында олардың саны 50 дейін жетеді. 2014 жылы шаруа қожалықтың директоры Аграрлық несиелік корпорациясынан 17 млн. теңге көлемінде несие алған, яғни жаңа бағдарлама бойынша жылдық 14 пайызбен. «Бұл өте қолайлы бағдарлама. Әсіресе төлемдегі үшжылдық каникул, ол кезде сыйақы мөлшерлемесінің 7% ғана төлеймін. Егер бәрі ойдағыдай өтсе үш жылдан кейін мен барлық қарыздан құтыламын», – дейді фермер.


Алғашқы транштағы 11,5 млн теңгеге ол 30 бие, етті екі айғыр алған. Екінші транштағы 5,5 млн. теңге трактор сатып алуға жұмсалған. «Бұл менің жұмысшыларымның жұмысын анағұрлым жеңілдетті. Қалған ақшаға тағыда мұғалжар тұқымды алты айғыр сатып алдым», – деді өз сөзінде Ж. Ғалиақпаров. LS басылымы хабарлағандай «Құлан» бағдарламасына Аграрлық неселік корпорациясы 2014 жылы 3,5 млрд теңге бөлген. 2014 жылдың 12 желтоқсанындағы жағдай бойынша фермерлермен 2,5 млрд теңге сомасында  8,5 мың жылқы және 500 бас етті айғыр сатып алынған. Берілген 400 өтінімнің 380 мақұлданған. 2015 жылы аталған бағдарламаны қаржыландыруды 7 млрд. теңгеге дейін ұлғайту жоспарлануда.

Дерек көз: http://lsm.kz/skolko-mozhno-zarabotat-na-kumyse.html
© Финансовый журнал LS



Назад


Курс валют НБ РК
  • USD Доллар США 334.32
  • EUR Евро 392.29
  • CNY Кит. юань 50.53
  • RUB Рос. рубль 5.63
  • GBP Англ. фунт 450.46

Доска объявлений