Экспресс регистрация
Логин:
Пароль:
 
Пол:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Повторите пароль:
Имя:

Лукерья Лоншакованың игі бастамасы


Бұл адам жайлы бізге «Арнайы қажеттілікке мұқтаж жандардың жағдайын жақсарту» атты қайырымдылық жобасының жеңімпаздарын құттықтау кезінде белгілі болды. Жақынырақ танысу кезінде ол жайында көптеген қызыққа қанықтық.

- Мен Тараз қаласында тудым, алайда Алматыда өстім. Қаладағы нашар көретін және соқырларға арналған арнайыландырылған мектеп-интернатында оқыдым. Бала кезімнен тілге деген бейімділік болды, мектепте жүргенде қазақ, орыс тілдерінде еркін сөйлейтінмін. Қазақшадан достарым да көмектесті, үнемі практика болып отырды. Мектепте неміс тілін оқытты, ҚазХҚУжәнеӘТ тапсыру үшін өздігімнен ағылшын тілінде оқыдым. Жарты жылда ЖОО «Аудармашы-синхронист» мамандығына тапсыру үшін қажетті материалдарды меңгеріп алдым, - дейді Лукерья.

Оған қоса, мектепте жүргенде Лукерья музыка бөлімшесіндегі домбыра үйірмесіне қатысқан. Оның бұл аспаппен ойнауы үлкен әсер қалдырады. Түрлі тілдерде сөйлеу мәнері де сауатты, бір тілден екіншісіне оңай өте береді. Оқу барысында ол мемлекеттік тілді меңгеру бойынша бірнеше байқауға қатысқан әрі жеңімпаз атана білген.

Лукерьяның еңбек қызметі мүмкіндігі шектеулі жандармен тығыз байланысты. 2009-2011 жылдары ол мүмкіндігі шектеулі жандардың «Жігер» жастар ұйымы қоғамдық бірлестігінің президенті болған. Қоғам сандық сөйлейтін аудикітапты редакциялау, әзірлеп шығарумен айналысқан. Жобаны Сорос Қоры қаржыландырған. «Көшбасшылықтан интеграцияға» жобасы бойынша балалар мен жасөспірімдермен олардың көшбасшылық қасиетін келешектегі қоғамда дамытумен айналысқан. Бұл жоба «Бота»  қорымен қаржыландырылды. Қазіргі уақытта Лукерья «Кеңес» реаблитация кешен орталығында жұмыс істеуде, яғни ондағы балаларға қазақ және ағылшын тілдерінен сабақ беруде.

«Арнайы қажеттілікке мұқтаж жандардың жағдайын жақсарту» жобасы жайында лукерья ұйымдастырушылардан естігендігін айтады. Бұл жобаны «Шаңырақ» мүгедектігі бар әйелдер қауымдастығы «Даму» Қорымен бірлесе отырып өткізген, сонымен қатар «Би Джи Интернэшнл Лимитед (Қазақстан)» компаниясының қаржылай қолдауымен.

- Мен, бұл жобаға неліктен қатыспасқа деп ойладым. Жобаның мақсаты — мүгедектігі бар адамдарды түрлі гранттармен бизнесті дамытуға, кәсіпкерлік ісіне тартуға ынталандыру болып табылады. Қатысу шарттарының барлығын оқып білдім. Қарасай ауданында біздің жер теліміміз бар. Күйеуім екеуіміз сонда жылыжай тұрғызуды жоспарлағанбыз, алайда қаражат жетіспеді. Содан көкөністер өсіруге арналған жылыжай құру жобасын әзірлеп шықтым. Жылыжай шаруашылығы мен ауылшаруашылық өнімдерін өндіру қолайлы бизнес, оған қоса барлық жағынан пайдалы деп санаймын, - дейді Лукерья.

Оның айтуынша, сауда желілері мен қоғамдық тамақтану орындары, тіптен қазақстандық жұртшылық та сапалы әрі жаңа піскен көкөністерге деген сұранысты бастан кешіріп отыр.

- Менің жобамның кереметтілігі жылыжай шаруашылығының жаңа піскен көкөністерімен жергілікті нарық сұранысын үздіксіз жыл бойына қамтамасыз етуге болады, яғни көрші елдерден таси бергенше. Бастысы ештеңеден қорықпай, өз күшіңе сене білу, - дейді Лукерья.


Назад


Курс валют НБ РК
  • USD Доллар США 334.32
  • EUR Евро 392.29
  • CNY Кит. юань 50.53
  • RUB Рос. рубль 5.63
  • GBP Англ. фунт 450.46

Доска объявлений