Экспресс регистрация
Логин:
Пароль:
 
Пол:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Повторите пароль:
Имя:

Бизнеске деген махаббат немесе чемпиондарды қалай тәрбиелеу керек


Бизнеске деген махаббат немесе чемпиондарды қалай тәрбиелеу керек
Ол жаттығу жайлы айтты, жарыстар ұйымдастыру мен осы спорт бағытындағы аңыздар жайлы толғады.


Reactor Crossfit жаттығу залы жайлы

Бұл жаныңа рухани жақын  компаниямен үдемелі жаттығу жасауға арналған гараж. Бұл арзан маркетингті фитнес нұсқасы емес. Reactor CrossFit-те жаттықпау мүмкін емес. Бір сөзбен айтқанда онда үнемі ауада адреналин мен тестостроның иісі мүңкіп тұрады. Ал залдың қандай екені көпшілікті қорқыта түседі. Әсіресе қымбат клубтар мен жұмсақ орындықтарда отырып, қолайлы ортада өскендерді.  Кроссфитпен танысқандар, мәселен АҚШ-та үйіне келген соң «Бұл барып тұрған қайыршылардың залы» деп айтып жатады.


Залға келетіндер жайлы

Егер біздің залға келген адам осында жаттығуды армандайтынын, алайда ақшасы жетіспейтінін айтса – мен оған не ұсыну керектігін міндетті түрде табам. Неліктен мен ондайға барам? Өйткені мен үшін адамдардың жігерлігінен өткен керемет жоқ. Мен жігерлі, от болып болып лаулап тұрғандарды құрметтеймін. Ер адамдармен жұмыс жасағанды жақсы көрем. Әйелдер көбінде жаттығуға еріншектеу, өздерін аяйды – бұл іш пыстырады. Сонымен қатар, «маған арықтау керек еді» деген сияқты еріксіз тапсырмаларды жек көрем. Мәселен, тартылуды үйренсем, қолмен жүруді немесе өз салмағымнан екі есе ауыр зілтемірді көтеруді үйренгім келеді десе – міне бұл нағыз челлендж! Спортшыны түсіну үшін алдымен спортшы болуың керек. Біз бір ауамен және ортақ жеңіс идесымен тыныстаймыз. Мен міндетті түрде жарысқа қатысуды жоспарлап жүрмін, ебін тапқан кезде жаттығу мен чемпионат ұйымдастыруды бірге қолға алмақпын.


Бизнес жайлы

CrossFit сауда маркасын пайдаланғаным үшін мен жыл сайын 3000 доллар төлеймін. Бұны дұрыс деп санаймын, қарақшылық жолмен жұмыс атқарғанды ұнатпаймын. Маған «бизнес өмір үшін» деген концепция өте ұнайды. Қомақты қаржы салу мен ауқымды айналым – бұл өте үлкен жүк. Менің  табысым топ-менеджердікімен шамалас, клубты басқару арқылы өзімде жаттығам әрі елді де жаттықтырам. Оған қоса, қосымша жобалар үшін бос уақытым да жетерлік. Әрине, кеңейе түсуді бұрыннан ойлап жүрмін. Уақыты келгенде ол да орындалып қалар деген ойдамын.


Жаттықтырушылық жұмысы жайлы

Мен үшін ең бастысы – команда. Жаттықтырушы – бұл ғаламның ортасы. Альфа мен омега сияқты. Жақсы жаттықтырушыларды іздеу керек, оларды тауып ынталандыра білу керек. Қазір менде екі жаттықтырушы жұмыс істеуде, олар нағыз мықтылар. Оларға ештеңені аямау керек, тиын үшін тек ақымақтар мен дарынсыздар ғана жұмыс істейді.


Назад


Курс валют НБ РК
  • USD Доллар США 334.32
  • EUR Евро 392.29
  • CNY Кит. юань 50.53
  • RUB Рос. рубль 5.63
  • GBP Англ. фунт 450.46

Доска объявлений