Экспресс регистрация
Логин:
Пароль:
 
Пол:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Повторите пароль:
Имя:

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ МҮГЕДЕК ЖАН ТІГІНШІЛІКТІ КӘСІП КӨЗІНЕ АЙНАЛДЫРЫП ОТЫР


ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ МҮГЕДЕК ЖАН ТІГІНШІЛІКТІ КӘСІП КӨЗІНЕ АЙНАЛДЫРЫП ОТЫР
Қызылордада пойыздың астына түсіп, екі аяғынан айырылған әйел өзгелерге өнеге боларлық тіршілік етіп келеді. Қайсар келіншек тағдырға қаймықпай 12 мүшесі сау адамдардың қолынан келе бермейтін тігіншілік өнерді, бизнеске айналдырған деп хабарлайды 31-арнаның Информбюро қызметіне сілтеме жасаған Businessnews.kz.

46 жастағы Күләш Тілеуова бірінші топтағы мүгедек болса да, өмірге деген құлшынысы ерекше. Күләш Тілеуова 22 жасында пойыздың астына түсіп, мүгедек атанған. Бірақ қатарымнан калдым деп көрмеген Күләш анасынан дарыған тігіншілік өнерді дамытып келеді. Бүгінде құрақ көрпенің түр-түрін тігіп, бизнес жасайды. Бұдан бөлек текемет, алаша, көйлек тігу өнерін де меңгеріп алған.

Күләш Тілеуова, бірінші топтағы мүгедек:
– Қиын болса да өмір сүру керек. Қиындыққа мойынсұнған адам қалай болады? Қиындықтың бәрін еңбекпен жеңемін деп ойлаймын.

Тапсырыс берушілер мүмкіндігі шектеулі жанның еңбегіне риза.

Жұмакүл Сарыбаева, тапсырыс беруші:
– Қызымның жасауын осы кісі тігіп берді. Өте ұнады өзіме. Келген кісілер де осы кісіге тіктіреді. Бірақ үйі жоқ, баспанасы жоқ. Сонысына қиналып жатыр.

Күләштың алатын зейнетақысы 26 мың теңге ғана, оның 20 мыңын жалдамалы пәтерге береді. Коммуналдық қызметке төлейтіні тағы бар. Соқтықпалы ұзын сонар жолда морт сынбай, тағдырдың басқа түсіргеніне қарсы тұрған қайсар әйел қажымайды. Әлі-ақ жақсы болып кетеді дейді ол.

Назад


Курс валют НБ РК
  • USD Доллар США 334.32
  • EUR Евро 392.29
  • CNY Кит. юань 50.53
  • RUB Рос. рубль 5.63
  • GBP Англ. фунт 450.46

Доска объявлений