Экспресс регистрация
Логин:
Пароль:
 
Пол:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Повторите пароль:
Имя:

Ольга Ким Brosh әшекей брендін қалай дөңгелетіп әкетті


Ольга Ким Brosh әшекей брендін қалай дөңгелетіп әкетті
«Өз ісімен рахаттана айналысады», – деген сөз Ольга Кимнің ұраны іспеттес болып кеткен, ол қазақстандық Brosh әшекей бренді мен киім-кешектер, аяқ-киім және Anthena clothing for Brosh сөмкелерінің негізін қалаушы.

– Шынымды айтсам, 2004 жылы өз ісімді қолға алған кезде менде бизнес-жоспар да жоқ еді. Университетте үшінші курста оқып жүргенімде Алматыдағы сауда орталықтарының бірінен өз сауда нүктемді ашу үшін әкемнен рұқсат алдым. Оны тіптен сауда нүктесі деп те айтуға келмейді, ол бар болғаны бір метрлік сөрелік орын еді. Әкемнің қолдауымен алғашқы $1 мыңдық капиталмен бастап кеттім. Қазір екеуімізде бизнестің адамымыз – кейде әкемнің өзі маған кеңес алу үшін жүгініп тұрады.
Бизнесімді дамыту жолында алған –$5 мың несием болды, алайда мен көлік алып үлгердім. Бір жыл ішінде несиемді жаба білдім, сондықтан бұны дұрыс шешім болды деп санаймын. Одан кейін несие мен қарызға ақша алып көрмедім. Шетелге көп шықтым, ондағы дизайнерлер мен өндірушілермен қарым-қатынас жасап, өндірістің мәнін түсіне білдім. Біздің айналымымыз ақырындап артып келеді, бұл дамуымызға жаңа жол іздеуге мүмкіндік береді.
Мен бірден аймақтардағы көтерме саудаға ден қойдым, дүкен иелерімен келісімге келдім.  Brosh бренді бірден пайда болған жоқ, көпшілігі біздің бұйымдарды OK, L.O.V., Fancy, Selena ретінде біледі.

F: Brosh брендімен сіз жоғары бәсекелік әрі ойыншылары көп нарыққа ендіңіз. Бұл кезде неге сендіңіз?

– Біздің жағдайымыз өзге дизайнерлер мен ретейлердікімен салыстырғанда тең болды. Дегенімен Кореяда, Қытайда және Еуропада біздің менталитет пен салтымызға сай келетін ерекшелікпен өндірілген өнімге бірден басымдылық бердік. Яғни біз танымал маркаларды әкеп қана қоймадық, ол тауарларды өзімізге бейімдей білдік. Мәселен, біздің әйелдер жасыл және қызыл тасты таққанды жақсы көреді, ал шашқа арналған қысқыштарды негізіген қарасын таңдайды. Ондай тіптен Украинада да жоқ.

F: Жұлдыздармен жұмыс істеу идеясы қалай келді. Сатылым өсті ме әлде бұл имидждік қадам болды ма?

– Басында мен әшекейлерімді танымал әртістер, әншілер және медиатұлғалар тақса деп армандайтынмын. 2013 жылы қазақстандық әнші Аша Матай біздің марканың келбеті бола білді. Ол табысты әрі әдемі тележүргізушінің образдық келбетін сомдайды. Содан біздің сатылым расымен де ұлғая түсті. Ал ТВ-жобаларды, сериалдарды, түрлі фотосессияларды қолдау жөніндегі шешіміміз – бұл имидждік қадам.


Дерек көз: forbes.kz


Назад


Курс валют НБ РК
  • USD Доллар США 334.32
  • EUR Евро 392.29
  • CNY Кит. юань 50.53
  • RUB Рос. рубль 5.63
  • GBP Англ. фунт 450.46

Доска объявлений