Экспресс регистрация
Логин:
Пароль:
 
Пол:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Повторите пароль:
Имя:

Голландтық кофенің дәмі


Голландтық кофенің дәмі
Метроның «Байқоңыр» станциясының шыға берісіндегі Underground кофеханасы есігін таңғы сағат 7 ашаып кешкі 8 дейін жұмыс істейді. Оның қожайыны голландиялық Матайс Олай. Американдық Крис  Бэннет пен отандасымыз Қанат Жетпісов сияқты серіктерімен бірге ол күн сайын қала тұрғындарына кофе әзірлейді. Vласт порталының тілшісі Айсұлу Тойшыбекова Алматыда бизнес ашуға тәуекел еткен шетелдіктермен кездесіп, сұхбаттасып қайтты.

Матайс Олай Қазақстанға алғаш рет 1998 жылы сыра сатумен айналысатын екі қазақстандық кәсіпкердің шақыруымен келген.
— Ол кезде мен Қазақстан жайлы ештеңе білгем жоқ. Мені сарапшы ретінде шақырды әрі ойлануға уақыт берді. Келісімімді берген соң жолға билет сатып алып Амстердамнан осында ұшып келдім. Бір жылдай «Кардинал» боулинг орталығының директоры болып жұмыс істедім. Әйеліммен Алматыда таныстым, ол қырғыз дегенімен Қазақстаннан. Одан кейін Амстердамға оралып жұбайыммен сонда 12 жыл тұрдық, алайда 2010 жылы Алматыға қайтып келдік. Мен кофемен айналысуды жөн деп шештім, өйткені мен бұл сусынды жақсы көрем әрі оны әзірлеуде тәжірибем де мол, — дейді кәсіпкер.
Матайстың айтуынша, Қазақстандағы кофе нарығы тым жас. Қажетті құрал-жабдықтары бар кофеханалар бар, алайда кофені қалай әзірлеу керектігін жетік білмейді. Сол кезде оған адамдарға кофені қалай дұрыс әзірлеу керектігін үйрететін оқу орталығын ашу идеясы келген.

— Бір күні маған World Class-тан танысым қоңырау шалып, бардағы жігіттер мен қыздарды оқыта аласыңба деп сұрады. Мен келістім, алайда оған тек жарты сағатқа ғана бірекі рет кездесіп үйреткім келмейтіндігін айттым. Сол кезде мен оқыту бойынша кітаптар мен  әдістемелік жаза бастадым. Фурманов-Бөгенбай батыр көшелерінің қиылысында менің бар қызметкерлерін дайындайтын Академиям бар, ол жерде қазақстандықтарды осы саланың қыр-сырымен таныстырып, оқытам. Алғашқы кітабымды ағылшын тілінде жаздым, өйткені басымдағы ойдың бәрін тек ағылшын және голланд тілінде қорытам. Кейін оның барлығын орыс тіліне аудардым. Қазір әдістемеліктерді орыс тілінде жаза алам.

Бар қызметшілеріне арналған Академияны ашам деп шешкенде көптеген қиындықтарға тап болдым, кофе бизнесі өкілдерімен іскерлік байланыс орнату өте қиын болды. Мен тек оқу мекемесін құрып қана қоймай, кофе компанияларын бір жерге тоғыстыра алатын алаң жасағым келген. Бар қызметшілері арасында чемпионаттар мен түрлі шараларды өткізуге болар еді. Алайда менің бір байқағаным нарықтағы көптеген компаниялар түбегейлі бөлектен, олар әріптестіктің кофе индустриясын дамыта түсетіндігін түсінбейді. Өкінішке қарай, маған бұл жайтты өзгерту бағынбады.

Кофехана ашу мүмкіндігі туған кезде мен метрополитендегі «Байқоңыр» станциясын таңдадым. Бұл жер маған ұнайды, келушілер де жетерлік. Біздің жұмыс істеп жатқанымызға екі ай ғана болды, алайда біздің клиенттер қаланың сонау басынан келіп жатады.


Назад


Курс валют НБ РК
  • USD Доллар США 334.32
  • EUR Евро 392.29
  • CNY Кит. юань 50.53
  • RUB Рос. рубль 5.63
  • GBP Англ. фунт 450.46

Доска объявлений