Экспресс регистрация
Логин:
Пароль:
 
Пол:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Повторите пароль:
Имя:

Биден бизнеске дейін


Биден бизнеске дейін
ҚР еңбегі сіңген әртісі Ләйлә Әлпиева Forbes.kz шолушысы Виктор Бурдинге Гонконгтағы өмірі жайлы айтып берді. Ондағы бизнесін қалай құрып, жүргізіп жатқандығын және тексеріске кімдер келетіндігі жайлы сөз қозғады.

Ләйлә Әлпиева – Қазақстандағы ең танымал әрі айтулы балет әртістерінің бірі. Көптеген халықаралық байқаулардың лауреаты мен дипломанты. 2008 жылы Ләйлә екінші рет тұрмысқа шығысымен өз тағдырын бірден өзгертті, Лондонға тұруға кетіп, сол жақта екінші ұлын өмірге әкелді. Алайда Алматы сахнасында азда болса өнер көрсетуін жалғастырып жүрді. Кейін он жеті жыл жұмыс істеген Абай атындағы опера және балет театрымен қош айтысты.
2011 жылы Әлпиева тұманды Альбион елінен кетіп, Гонконгқа ауысады. Одан бері төрт жыл өтті, алайда біздің кейіпкеріміз ештеңеден өкінбейтін сияқты.

F: Ләйлә, сіздің мұнда көшіп келгеніңізге төрт жыл өтіпті. Күйеуіңізбен ара қатынасыңыз оңалған тәрізді, әйтпесе Гонконгта ұзақ уақыт қалмас едіңіз ғой. Дегенімен балаларыңыз бұл жаққа қалай бейімделуде?
- Жақсы. Үлкен ұлым Мәди City University-де екінші курста, «Қазақфильмде» көп жылдар қызмет еткен атасы Аманбек Әлпиевтің ізін жалғастырып режиссерлік мамандығына тапсырды. Кіші ұлым Марат халықаралық метепте білім алуда. Ол қазірдің өзінде оқып, жаза алады, мектепке бес жасынан барды. Алайда ол орысша сөйлемейді, тіптен мен сөйлессем де ағылшынша жауап береді.
F:  Атыңызшы, сырттан келетіндер үшін басауруы болып келетін пәтер мәселесін қалай шештіңіз?


- Әзірге баспананы жалға алудамыз. Гонконг – аумағы жағынан сондай үлкен емес, 7 млн адамы бар, сондықтан ондағы тұрғындар өте тығыз орналасқан. Мұндағы жылжымайтын мүлік әлемдегі ең қымбаттардың қатарында. Мәселен, қала ортасындағы 30 шаршы метрлі бір бөлмелі пәтер 1 млн долларға жуық. Жақында коммерциялық жылжымайтын мұліктер бағасын қарап шықтым, 140 шаршы метрлі бөлме маған 5,5 млн долларға шығады екен. Мұндағылардың көпшілігі пәтерді ипотекаға алады.

F:  Гонконгта өз бизнесіңізбен айналысу идеясы қалай келді?

- Алғаш Гонконгқа көшіп келген жылы 50-жылдық тарихы бар жекеменшік балет мектебінде педагог ретінде қызмет еттім, онда екі мыңға жуық оқушы бар еді. Сол кездері өз ісімді ашсам деп ойлана бастадым. Дегенімен, күмәндандым, қайткенімен қауіпте үлкен ғой. Бір күні жалға пәтер іздеп жүріп қала сыртындағы Сайкун ауданынан бірақ шықтық. Мұнда Гонконгтағыдай зәулім үйлер жоқ, керісінше онда үш қабатты үйден артық салуға болмайды. Аудан маған қатты ұнады, Гонконг орталығына қарағанда ауасы да таза. Риелторлардан коммерциялық бөлмелер жайлы сұрап едім, дәл сол кезде бізге қолайлы нысан босап жатыр екен. Біз оны жалға алдық, міне қазір сол жерде үшінші жыл мектебім жұмыс істеп жатыр.

F:  Сіз бұған дейін бизнеспен айналысып көрмеген, шығармашылықтың адамысыз. Қиындықтар орын алмады ма?


- Иә, мен өмір бойы балерина болдым әрі тек өзіме ғана жауап беріп келдім. Мына кәсіпте үлкен жауапкершілікті арқалауға тура келді, яғин мұғалімдер, оқушылар, сахнаға шығу барлығына өзің жүгіресің. Дегенімен менің ұйымдастырушылық қабілетім алдамады. Оны мен Қазақстанда жүргенде де байқайтынмын, мәселен өзімнің шығармашылық кештерімді ұйымдастыра білетінмін және адамдарды өз маңайыма жиыстыра алатынмын. Сондықтан да қорықпай тәуекел еттім және бәрі сәтімен шықты.


Назад


Курс валют НБ РК
  • USD Доллар США 334.32
  • EUR Евро 392.29
  • CNY Кит. юань 50.53
  • RUB Рос. рубль 5.63
  • GBP Англ. фунт 450.46

Доска объявлений