Экспресс регистрация
Логин:
Пароль:
 
Пол:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Повторите пароль:
Имя:

Пима басудың хас шебері


Найыл Ахмеров серігі екеуі бүкіл Шаңғырлы ауданын жылы әрі сапалы қысқы пима аяқ қиімдерімен қамтамасыз етіп отыр. Өткен жылы олардың шағын бизнесін ашқанына жиырма жыл толыпты. Алайда сауда бірде болса, бірде жоқ. Жер шаруашылығымен айналысатындар секілді бірде өнім жақсы болса, енді бірде нашарлау. Барлығы құбылмалы ауа райына байланысты. Алайда Найыл үшін қыстың қатты суық болғаны пайдалы болып отыр. Сол кезде пималар жақсы өте бастайды екен. Дегенімен, ауылда пимасыз қыс өткізетіндер некен саяқ көрінеді.

Ол мамандықты емес, керісінше мамандық оны таңдаған көрінеді. Оның анасы Орынбор облысында татар тілінен сабақ берген. Кейін тұрмысқа шыққан соң Орал маңына келіп сауда жұмысы мен өзін жетілдіре бастаған. Әкесі мамандығы бойынша құрылысшы болған. Алайда өмір екі қолға бір күрек дегендей кез-келген жұмысты атқаруға мәжбүрлеген. Отбасыда бес бала болған соң оған жұмыстың дәмін ерте татуға тура келген. Найыл әке жолын қуып кәсіби-техникалық құрылыс училищесін аяқтайды. Алайда 90-шы дағдарысқа толы жылдары ауылдағы құрылыс тоқтап қалды. Осы тұста ауылдасы Замир Бикетеев пима басу ісін ұсынады. Шеберхана Ахмеровтер үйінің нақ алдынан орын тебеді. Бұл іс бойынша Замирдің дағдысы бар еді, ал серігі уақыт келе машықтанып алды. Шынын айту керек, қол өнер оңай емес, қажырлық пен икемділікті талап етеді. Уақыт өте келе ауылдастары қолдан басылған пима фабриканікінен еш кем түспейтіндігін, тіптен оған қарағанда жылы әрі берік екендіктеріне көздері жетеді. Әрі бағасы да қолжетімді.

Алайда біраз жыл бұрын оның серігі өз алдына жекелей жұмыс істеуді ұйғарыпты.

«Жоқ, біз бәсекелес емеспіз. Бұрынғыдай тату өмір сүрудеміз. Біздің тұрақты өз клиенттеріміз бар. Менің ұлым ержетті. Қазір көмекшіден нағыз шеберге айналды. Әйелім Роза Мырзағалиева шикізат әзірлейді. Сондықтан бұл қазір отбасылық бизнеске айналды. Қазір мемлекет кәсіпкерлерге көмектесуде, сол арқылы несие алып құрал, жабдықтарды жаңарттық. Өткен жылы несиемізден құтыла білдік. Көрші ауылдардан да пимамызға тапсырыс берушілер келуде, одан қалса Орал мен Ақтөбе қалаларына апарып сатамыз», - дейді Найыл Низамұлы.

Аяғың жылы жүрсе кез-келген істі еңсеруге болады. Сондықтан пимасыз қыста жүру мүмкін емес. Тіптен Ахмеровтер аяқ киімін «жылдам жүргіш» деп те атайды екен. Ауыл ақсақалдары бұл аяқ киімді экологиялық таза деп санайды, пима киіп үйренгендердің балтыр сыздауы сирек кездеседі екен. Мүмін ол рас та шығар.

«Кімде-кім жұмыстан қорықпаса, қиын күндердің өзінде де ол жұмыссыз қалмайды. Ауыл мен жұмыссыздық деген түсінік дұрыс емес. Бастысы өз ісіңді жақсы көріп, адамгершілікпен атқару. Елбасының өзі де бізді осыған шақыруда. Ұлымның әйелі, яғни келінім мамандық бойынша шаштараз. Қызым да сол салонда әкімші ретінде жұмыс істейді. Қазір өз шаштаразымызды ашсақ деп ойлап жүрміз. Отбасылық шағын бизнестің өзі даму үстінде болуы керек», -дейді кәсіпкер.


Назад


Курс валют НБ РК
  • USD Доллар США 318.99
  • EUR Евро 393.7
  • CNY Кит. юань 50.28
  • RUB Рос. рубль 5.62
  • GBP Англ. фунт 446.81

Доска объявлений