Экспресс регистрация
Логин:
Пароль:
 
Пол:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Повторите пароль:
Имя:

Art Harvest


Art Harvest
«Жаныңа жақын нәрсемен айналыссаң, бәрі жақсы болады» – бұл Art Harvest қол өнер дүкенінің иесі Галина Тарееваның ұраны іспеттес. Ол өз тұтынушыларына қолдан жасалған бұйымдарды ұсынады, олардың қатарында декоративті теріден,  бисер, жүннен, тоқыма баудан, алтын жіппен жасалған дүниелер бар.

- Мені алты жасымнан бастап тігін өнеріне үйретті және өмір бойы осы іспен айналысып келемін. Басында туыстарым мен достарымның тапсырысы үшін тігетінмін, кейіннен достарымның таныстары үшін тіге бастадым. Алғашқы тапсырыстар ұзынқұлақ арқылы түсе бастады, - деп еске алады Галина Тареева.

- Мен 1965  жылы Алматы облысындағы Таулы бау-бақша ауылында дүниеге келдім. 1981  жылы Алматы қаласына технологиялық техникумға оқуға аттандым. Кейін «Алматы жеңіл өнеркәсіп фабрикасында» жұмысі стедім. Одан кейін Абай атындағы опера және балет театрында жиырма жылдай түсті көркемдеу бойында суретші болып қызмет атқардым. Кейіннен мені Қазақ мемлекеттік филормониясына жұмысқа шақырды, дейді Галина Тареева.

Ол алғашқы кішкентай дүкенін 2009  жылы Алматы қаласындағы Абай мен Алтынсарин көшелерінің қиылысы тұсынан ашқан екен.
- «Маған көбінде қыздарым көмектеседі, олар бұйымдарды әзірлеуге және дүкен жұмыстарына қолқабыс етіп тұрады. Біз нарыққа талдау жасап көрмедік, дегенімен ол кезде қаладан біздің дүкенге ұқсас сауда орнын байқамадық. Алайда біздің дүкен тиімсіз болып шықты. Сондықтан пәтер жалдап, оны шеберханаға айналдырдық, деп еске алады кәсіпкер.
Алғашқы сәтсіз тәжірибеден кейін Галина дүкен орнын таңдауға өте мұқияттылықпен қараған. Артықшылығы мен кемшін тұстарын салыстыра келе ол қолайлы орыннан дүкен ашу үшін пайыздық мөлшерлемемен қарызға ақша алады. Жаңа дүкеннің ашылуы  2013 жылдың қаңтарында орын алған.

Галина, онымен қатар түрлі көрмелер мен жәрмеңкелерге де қатысып жүрді, өйткені оның бұйымдарын адамдар кеңінен тану үшін бұл өте қажет еді. Жақында ол өз дүкенінің сайтын іске қосты және әлеуметтік желіде өз тобын ашты.  
- Қалада басқа да шеберлер бар. Мен бәсекелестерді бүге-шүгесіне дейін зерттегем жоқ, тіптен оған зауқымда жоқ. Иә, тігу техникасын игеру – бұл істің басты бөлігі, алайда бұйым әдемі көріну үшін бұл тәсілді пайдалана білу екінің-бірінің қолынан келе бермеді, - дейді Галина.

Қазіргі кездегі Галинаның жоспарында тағы бір сауда орнын ашу бар. Одан кейін өз брендін жандандырып, жеке коллекциясын құрып оны Қазақстанның ірі қалаларында көрсетілімін ұйымдастырмақ. – Біз өсуге тырысудамыз, бейнелерді, өрнектерд тың әдіспен салудың  жаңа техникаларын үйренгіміз келеді. Оған қоса, өз білген-көргендерімізбен де бөлісуге тырысамыз: бір кездері шеберлік сыныбын да өткіздік, алайда қыс мезгілінде уақыт жетіспеуде. Мүмкін жаз айларында шеберлік сыныбын қайта қолға алатын шығармыз, – дейді Галина.


Назад


Курс валют НБ РК
  • USD Доллар США 335.05
  • EUR Евро 395.12
  • CNY Кит. юань 50.64
  • RUB Рос. рубль 5.66
  • GBP Англ. фунт 447.79

Доска объявлений