Экспресс регистрация
Логин:
Пароль:
 
Пол:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Повторите пароль:
Имя:

Тұрда іске кіріс


Тұрда іске кіріс
Кәсіпкер болу үшін алдымен ішкі әзірлікті сезіну керек. Pb-Plast компаниясының, аккумулятор мен дөңгелектер дүкенінінің қожайыны Мірбек Бақанбаев табысты компания құру үшін не қажеттігін айтып береді. Көзделген мақсатқа қол жеткізу дегеніміз компанияны құрып қана қоймай өзге кәсіпкерлермен де жақсы қарым-қатынас орнату болып табылады.

Сіз неліктен осы саланы таңдадыңыз?

Солай болып қалды, негізінен мен емес осы бағыт мені таңдады. Мен көптеген жылдар заводта жұмыс істедім, аккумулятор сатылымымен айналыстым, 2008 жылы өз жеке ісіммен айналыссам деген ішкі әзірлігімді байқадым.


Қалай ойлайсыз, бизнесте үлкен нәтижеге жету үшін не қажет? Құлдырауға қарамастан алға жылжуға не көмектеседі?

Жігер мен ештеңеге мойынсұнбаушылық болар. Кез-келген кәсіпкер қателесуі мүмкін және өз жолында құлап жатады, бизнесте бәрі біз ойлағандай жақсы бола бермейді. Ең бастысы әр сәтсіздіктен кейін бойыңды жинап әрмен қарай жылжи білу керек. Шалынған қуыстың орнын қазбалап уақыт кетіргенше алдыға ұмтылған жөн.

Бұл бизнес сізге не береді?

Бірінші кезекте сүйікті ісім. Маған бірдеңені моделдеп, жаңадан бастау, бір нәрсені ойлап табу және қандайда бір нәтижеге ұмтылу ұнайды. Әсіресе осы кәсіпкерлікте мен рахатты сезінем, өйткені нақ осы жерде өз бизнесімді ашсам деген менің балалық арманым орындалды.

Балалық арманды іске асыру үшін қанша жыл қажет болды?

Маған, тек адамдармен сапалы қарым-қатынас орнату үшін 12-13 жылдай кетті. Бұл команданы қалай құру керектігін түсіну кезеңі еді. Пайдалы таныстық, клиенттер мен серіктестер арасында жақсы байланыс орнату жылдары еді. Сонымен нақты  бизнесмен ретінде соңғы 5-6 жылда ғана таныла бастадым.


Өміріңізде орын алған өзгеріс кезеңі жайлы айта отырсаңыз?


Менде сондай бір ерекше өзгерісті кезең болған жоқ. Қарапайым отбасыда өмірге келгем, кәдімгі советтік бала ретінде дамыдым. Сондықтан менде ешқандай ерекше жағдай орын алмады. Алайда аккумулятор зауытындағы вице-президент қызметінен кетер кезде ішкі түйсігім өз жеке ісімді ашу керектігін білдірді.

Егер алдыңызға жақын адамыңыз келсе, бизнес жөнінде қандай кеңес берер едіңіз?

Адам өзін дамытумен айналысып, сабақ алуды жалғастыра бергені жөн. Жеке өзіңнің бойыңдағы және өзгелердің қателіктеріннен әрдайым сабақ алу керек. Жасыңыздың мөлшері маңызды емес. Өзіңді дамыту жұмысы тоқтамауы керек, әйтпесе өсуді бірден тоқтатасың. Бұл айналаңдағының барлығына әсер етеді.


Назад


Курс валют НБ РК
  • USD Доллар США 334.32
  • EUR Евро 392.29
  • CNY Кит. юань 50.53
  • RUB Рос. рубль 5.63
  • GBP Англ. фунт 450.46

Доска объявлений