Экспресс регистрация
Логин:
Пароль:
 
Пол:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Повторите пароль:
Имя:

Мейрамханалық мультимиллионердің 4 құпиясы


Мейрамханалық мультимиллионердің 4 құпиясы
Дэнни Мейердің табысты бизнесінің тарихы сонау жасөспірім шағынан басталады. Қызмет көрсету саласындағы бизнес оған бөтен емес еді. Оның әкесі Еуропадағы қонақ үй желілерінің қожайыны болатын, сондықтан Мейер бизнесті жүргізудің негізін ерте бастан меңгерген.

Әкесінің қонақ үйінің бірінде бала тіптен біраз уақыт жұмыста істейді. Алайда жас шағында оны кәсіпкерлік мәнсабы қызықтыра қоймады: Дэнни чикаголық телекомпанияда еңбек етті,  одан кейін дүкенді тонаушылармен күресте қажетті дабыл беру жабдығын өңдейтін Checkpoint System фирмасына ауысады. Бұл жерде оның мәнсабы сәтті дами түседі, сонымен Мейерге фирманың Лондондағы бөлімшесін басқаруды ұсынады. Дегенімен Дэнни өзінің мейрамханалық бизнесті ашу арманын іске асыру уақыты келгендігін түсінеді.

Оның пайымынша, қонақжайлылықтың басты нысаны — сіздің жұмысшыларыңыз, одан кейін сіздің қонақтарыңыз, қоғам, жабдықтаушылар мен инвесторлар. Мұндай қадам бизнестің дәстүрлі философиясымен келіспейді, дегенімен Дэнни оны табысқа жетудегі негізгі жол деп біледі. Міне, оның бизнес қағидаттары осындай.

1.    «Мейрамханалық бизнесте де өзгелердегідей сіздің мекемеңіздің табысы алдымен кадрларға байланысты.

Мейер үшін білікті мамандар — табысқа жетудің негізі. Дарынды жұмысшыларды іздеу мен жалданғандарды ұстап қалу менеджердің маңызды тапсырмаларының бірі болып табылады. Мейер кадр саясаты бойынша өзіне үш маңызды ережені ұстанады: жұмысшылар арасында жұлдыз немесе барлығының сүйңктісіне айналу жағдайын болдырмау, бұл команданы құртады; үнемі жұмысшыларыңды бағалап оларды кеңейте түсу керек; тиімді жұмыс істеу үшін қалжың бастылық қасиет те маңызды, өз жұмысың мен өмірге күлімдеп қарай білу.

2.    Барлығына үлгеру үшін қателікке бой алдырмау мүмкін еместігін түсіну. Оның барлығын жоқ дегенде өз даму жолыңда сабақ ретінде пайдалана білу.



Мейер басшыларды қателіктен қорықпауға шақырады, оған аса көңіл аудармай-ақ, оның зардабын жайлап кетіруді ұсынады. Оның пікірінше, қателік жіберу қорқынышты емес, оны қайталау қауіпті.

3.    Егер сізде компанияңыздың өсуіне рұқсат етуге күш, жігеріңіз жеткен болса, онда бір сәттері оның өз ағымымен жүруіне де рұқсат етуіңіз керек.

Бизнесті кеңейту өте қиын процесс. Әсіресе бәрін өзі қадағалап үйреніп қалған басшыларға оңайға соқпайды. Кейбір кезде тізгінді өз бетінше жіберген жөн.


4.    Көптеген жобалардың тағдыры олар жайында таралатын ақпаратқа байланысты, яғни ауыздан ауызға.

Ұзынқұлақ жарнаманың ең жақсы әдісі. Адамдар көбінде мерейтойларды кімнің қай жерде тойлағандығын немесе басқада маңызды жайттарды талқылау үстінде болады. Клиентке қызмет көрсеткенде осыларды әрдайым естен шығармаған жөн. Егер олардың көңілі толып жатса жүрген жерінде сіздің мекемеңіз жайында жақсы пікір таратып жүреді.

Өзен түбіндегі тасты алып шығу үшін суға түсу керек болады. Бизнесте де дәл солай: клиенттерді жақсы тани білу үшін, олардың ішкі дүниесіне үңіле білу керек.


Назад


Курс валют НБ РК
  • USD Доллар США 335.05
  • EUR Евро 395.12
  • CNY Кит. юань 50.64
  • RUB Рос. рубль 5.66
  • GBP Англ. фунт 447.79

Доска объявлений