Экспресс регистрация
Логин:
Пароль:
 
Пол:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Повторите пароль:
Имя:

Хоббиін кәсіпке айналдырған жан


Хоббиін кәсіпке айналдырған жан
Алматылық дизайнер Шыңғыс Шакуров бес жыл бұрын өзінің Чия қызы үшін ағаштан түрлі ұсақ-түйек бұйымдар жасай бастайды. Бұл әуестігі ақырындап бизнеске ұлғаяды. Біз Шыңғыспен кездесіп, онымен ұста әкенің қалайша бизнесмен әкеге айналғандығы жөнінде сұрап білдік. Сонымен қатар, неліктен шағын жабыстырғыш асылдарды жасау тиімді, ағаш қылыштарды қаншаға сатуға болады және шебер ресейлік нарыққа қашан шығады деген сауалдар төңірегінде әңгімелестік.

Шыңғыс сұхбат бермегелі көп болғандығын жасырмады, алайда қазір шешіліп сөйлеуге бел буыпты. Шебер бұрын бұл іске тек хобби ретінде қараған, яғни еш жарнаманы қажет етпеген, қазір бұл баспасөзбен қарым-қатынасты қажет ететін бизнес.

- Қазақстан бойынша 13 дүкенде өнімдерім сатылғанына қарамастан мен үшін бұл әлі де хобби. Бәрібір ол өте кішкентай мөлшерде. Бір сөзбен айтқанда айына 500 қылыш өткізем. Негізі одан көбірек өндірем, өйткені сатушыларға қосымша қоймада тұру керек, - дейді Шыңғыс.

Шыңғыс сайт арқылы ештеңе сатпайды, ол қолайсыз дейді. Көп уақыты тапсырыс берушіге түсіндіруге кетеді. Өзі жеткізіп берумен айналысу тиімсіз. Шыңғыс жеткізіп беру құнын жоғарылатып – 1500 теңге жасап қойған. Бұл, елдер жеткізіп беру қызметі неге жоқ деген жағдайға.

- Кейде бір дүниені ойлап тапқан соң дүкенге жеткізгенге дейін екі жылдай уақыт өтіп кетеді. Бұрын алғаш бастап жатқанда бәрі жылдам секілді көрінетін. Өйткені мен ассортимен көбейтуге күш салатынмын және бұйымдарың түрлі болған сайын сауда айналымы да жоғары болатын сияқты көрінетін. Ол кезде ассортимент көп, бірақ таралымы аз еді. Қазір ассортиментті төмендеттім. Негізгі басымдылық балалар қаруына ауып отыр. Қылыш, балта, қалқан және тағы басқа дүниелерге. Олар өте үлкен сұранысқа ие, бұл «Марвин» дүкенімен жұмыс істеу барысында белгілі болды. Бұрын қандайда бір ой келсе, оның бұйымы бір апта өтісімен дүкенде тұратын. Қазір керісінше. Мәселен, алдыңғы жылы арбалет жасау идеясы келген, өткен жылы ғана оны жасап шықтым және келесі аптада оны сертификацияламақпыз. Нәтижесінде арбалетке екі жыл уақыт кетті. Қазір менің көп уақытым ұйымдастырушылық жұмыстарға кетіп жатыр, - дейді шебер.

Алғаш бұйымдарды жасай бастаған соң бір жылдан кейін әлеуметтік желіде танымал бола бастаған кезім әлі есімде. Көптеген жылқыны жасап, оларды ысқылап отырып ойлап қоям, менің хоббиім өзге әкелердікіндей емес, отбасыма табыс әкеледі екен. Кейбір әкелердің хоббиі балық аулау, автокөлік қой. Ол кезде мен қосымша фармкомпанияда жизайнер болып жұмыс істеп жүргем, әрі жалақымда аз емес еді. Хоббиімнен түскен табысты неге жұмсасам болдаы деп ойладым, ақыры өзіме квадроцикл сатып алам деп шештім. Біраз уақыт өткен соң квадроциклге де ақша пайда болды, алайда басқа дені дұрыс нәрсе алсамба деп ойладым. Қазім мен яхта сатып алуды армандап жүрмін, - деп күледі Шыңғыс.

Қазір ол оңай өндіріп қымбатқа сатуға болатын өнім іздестіру үстінде. Оған қоса,  Ресей нарығы үшін жылдам өндірілетін жабыстырғыш асылдарды.

Оның айтуынша, қылыш бұйымдарын жасауға арнайы шеберхана, оны қаптайтын қап және этикет  керек. Оған қоса, дүкенге жеткізу үшін арнайы көлік керек. Ал кішкентай жабыстырғыш асылдарға ондай көп шығын кете қоймайды, әрі сөмкеге салып алып дүкенге қарай кете беруге болады.

- Инвесторлар тарапынан ұсыныстар көп болды, алайда мен бас тарттым. Өйткені бұл менің компаниям, маған жеке өзім жұмыс істеген жайлы, түрлі шешімдерді өзім ғана қабылдаймын. Ал инвестордың дамуға деген өз көзқарасы болады, - дейді Шыңғыс.


Назад


Курс валют НБ РК
  • USD Доллар США 334.32
  • EUR Евро 392.29
  • CNY Кит. юань 50.53
  • RUB Рос. рубль 5.63
  • GBP Англ. фунт 450.46

Доска объявлений