Экспресс регистрация
Логин:
Пароль:
 
Пол:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Повторите пароль:
Имя:

Дизайнер өнері


Дизайнер өнері
Үш баланың анасы, 18-жылдық өтілі бар табысты дизайнер әрі әдемі әйел бірінші рет біздің кейіпкеріміз болды. Отандастарымыздың барлығы мұндай жетістігімен мақтана қоймас. Алайда Айгүл Қасымова өмір жолының сондай тамаш болуымен қатар күрделілігін, ешқашан босаңсуға болмайтындығын айтады.

Мамандықты таңдау жайлы

Дизайнер-модельер – бұл менің мамандығым. Басында банкир болыпты, кейін дизайнер болып шыға келді деген оқиға мен жайлы емес. Өмір бойы осы мамандығым бойынша келе жатырмын. Алғашында суретшілер мектебінде білім алдым, одан кейін технологиялық факультетті тәмамдадым, сәндік–қолданбалы өнердің барлық техникасын меңгердім. Алтыншы сыныптан бастап тігінді үйрене бастадым, пердеден бастап белдемшеге дейін тігетінмін. Басында  өзімен тігетінмін, кейін жақындарым мен достарыма да тіге бастадым.

Жеке стилі жайлы

Менің мамандығым қызық, қандайда бір киімді ойлап табумен айналысып жатқанда тоқмейілсініп қалатын сәттер болады, яғни ерекше затқа деген зауқың болмай қалады. Сондықтан болар кейбір дизайнерлер джинсымен және ішкөйлекпен жүре береді. Сән  әрқашанда саяси жағдайларда, белгілі бір ортаның көңіл-күйінде білініп қалады, ол жеке өмір сүрмейді. Сондықтан стиль көптеген факторлардың әсерінен түзіледі, әсіресе ол өсіп келе жатқан кезеңде орын алады, яғни 13-16 жаста сен өсесің және сенімен бірге стилің де өсе түседі.

Өз киімі жайлы
Біз жылына төрт тұрақты топтаманы шығарамыз, капсульды коллекция және жеке тапсырыстарды қабылдаймыз. Қашанда шығыстық және этникалық сарынды жақсы көретінмін, сонымен қатар өрнектік безендіруді де. Тек тойлар мен наурызда ғана киетін емес барлық жерде киюге ыңғайлы киімдер жасауға тырысамын. Киім әрқашан оны киіп жүре бергің келіп тұратындай болу керек. Той көйлектерін тіккенді өте қатты ұнатамын, олар энергетикалық тұрғыдан өзгеше тігіледі. Кейбір киімдер қырсықтанып, кедергілер тудырып жатады, ондай киімдерді тіккенде ешқандай ләззат алмайсың. Тіптен ол үшін төлеген қомақты қаржыдан да рахат ала алмайсың. Барлығының өз энергетикасы бар. Менің киімдерімді бір сөзбен айтар болсақ, нәзік, романтикалық, интеллектуальды.

Қазақстандық брендтердің бағасы жайлы
Көбі ол бағаларды ойдан қоя салды деп ойлайды. Шынтуайтына келсек олар көтермеген. Олар сондай тұрады. Өйткені біздің елде ештеңе өндірілмейді. Өнім арзан болу үшін ол жергілікті материалдардан өндірілгені дұрыс. Егер мен барлығын импорттап жатсам арзан өнімді қайдан шығарамын. Тіптен түймеден бастап матаға дейін сырттан аламыз. Оны тасымалдау бағасы қаншаға шығатындығы жайлы біреу болсын ойлап көрді ме?  Бізде сөккенді жақсы көреді, одан да бірдеңені бастап көрсін.

Қазақстандық дизайнерлер жайлы
Аяқтан тұру барысында уайымдап, бірге өскен адамдар да бар. Олар Аида Кәуменова, Сергей Шабунин, Құралай Нұрқаділова. Біз бір мезгілде шыққан адамдармыз. Және мен олардың еңбегін өте құрметтеймін. Жолыңда кедергілерге тап болып, оны тастай салмай ары қарай жалғастырудың қаншалықты күрделі екендігін түсінемін. Көп жылдар бойы сұранысқа ие болу режімінде жүру бұл өте қымбат тұрады.




Дерек көз: http://www.kursiv.kz


Назад


Курс валют НБ РК
  • USD Доллар США 334.32
  • EUR Евро 392.29
  • CNY Кит. юань 50.53
  • RUB Рос. рубль 5.63
  • GBP Англ. фунт 450.46

Доска объявлений