Экспресс регистрация
Логин:
Пароль:
 
Пол:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Повторите пароль:
Имя:

Инвестициялық сарапшының шамшырақтары


Инвестициялық сарапшының шамшырақтары
Ғалым Щучинскіде өскен, әкесі автоубус жүргізушісі болып жұмыс істейді, ал анасы үй шаруасында. Мамандығы бойынша Ғалым математик, алайда ол өз саласында жұмыс істеп көрмеген.

— Мен дизайнерлік білімім жоқ деп ешқашан өкінген емеспін. Математика – бұл қажетті ілім, дизайн жасауда оның септігі тиіп жатыр. 13 жасқа толған кезімде мені Алматыдағы физико-математика мектебіне берді. Алғашқы жыл өте ауыр болды. Мектеп-интернат (Ө.Жәутіков атындағы РМФМОМИ) пен оның тәрбиешілері және мұғалімдері бізге өз баласындай қарады. Олар біздің бала екенімізді және ата-анамыздан ұзақ болғандықтан  бізге ауыр тиіп жүргендігін түсіне білді, оған қоса қатаң білім жүйесі болды. Біз өз кезегімізде қалыпты орта мектепке оралғымыз келмейтіндігін түсіндік. Үздік түлектер әрдайым бізге келіп тұратын және оларды үлгі тұтатын едік. Барлығымыз кішкентай қалашық пен Алматының не екенін көрдік, сондықтан осында қалып, өзімізді көрсете білуге талпындық.

Мектепті тәмамдаған соң Ғалым одан ары қандай білім алуды қалайтынына сенімді болмады. Сыныптастарының көбі Мәскеудегі Н. Э. Бауман атындағы ММТУ тапсырды, ал оның ол жаққа баруға мүмкіндігі болмады және барғысы да келмеді. Сондықтан әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің математика факультетін таңдады.

— Мамандық таңдауда жаңылыстым, информатика мамандығы бойынша тапсырдым, алайда бір күнде ол салада жұмыс істемедім, -деп шындығын мойындайды ол.

Ғалым екінші курстан бастап Delta Chip радиоэлектронды құрылғылар дүкеніне жұмысқа тұрып, шамдиодтары жұмысымен әуестене бастайды.


— Ол дүкенде совет тұсында үлкен сұранысқа ие болған ғалым ағалар жұмыс істеді. Одақ күйреген тұста олар үшін ең басты жол транзисторды Николск базары маңында сату ғана болған, осылайша олардың бизнесі басталған, - дейді Ғалым.

Бала кезінде ол өзіне түрлі ойыншықтар жасай ала білетін, дүкендегі жұмысы оданда үлкен нәрсені ойлап табуға итермелей түсті. Университетті аяқтаған кезде ол өз мамандығы бойынша жұмыс істей алмайтындығын түсінді. Оған қоса, тәп-тәуір жалақы алып отырған дүкендегі жұмысында тоқтатып, өзін бағалы қағаздар нарығындағы қаржы саласында байқап көргісі келді. Сөйтіп сынақтан өтетін жер іздей түседі.

—Континент ИФГ компаниясында университет түлектерін жинау жүріп жатты. Үлкен байқау да өтті, олар 150 жуық өтінім қаблдады және олардың ішінен тек 15 адамды қабылдады. Тесттердің бәрі математикалық әрі ойлауға бағытталған еді, сондықтан мен қиналмастан сынақтан өтушілер қатарына ендім. Екі жыл инвесициялық сарапшы ретінде жұмыс істеу барысында бұл мамандықты терең болмаса да меңгеріп алдым.


Дегенімен, Ғалым шеберлікпен айналысуды тоқтатпады, достары үшін шамшырақтар мен түрлі бұйымдар жаспп жүрді. Дәл сол кезде ол жеке өз ісімен айналысуды ойлай бастады әсіресе өндірістік бағытта.
Континент  ИФГ компаниясынан кейін ол Атамекен зейнетақы қорына сарпшы ретінде жұмыс істеуге ауысады. Ол жерде жұмыс істей жүріп өндірістік дизайнмен айналысатын қазақстандық компанияларды іздей бастайды. «Вишневой папа» жайлы, яғни ағаш ойыншықтар жасаумен айналысатын Шыңғыс Шакуров жөнінде біледі және дизайнер Тимур Ақтаев пен Нұрлан Туреханов жайлы да. 2011 жылы Ғалым олармен жақынырақ таныса бастайды.

— Мен, шамшырақ жасаумен айналысқым келетіндігін айттым. Олардың әрқайсысы маған көмектесе білді, Шыңғыс маған кескін редакторын, ағашпен жұмыс істеуді үйретті. Тимур Ақтаевата көптеген нәрсе айтты, қазір онымен дос болып кеттік. Нұрлан Түрехановтың «Ақ күз» фестиваліне қатыстым және онда үш шамшырағымды апардым. Оларды жарты сағаттың ішінде бірден сатып әкетті. Оған қоса, тағыда екі тапсырыс алдым, сонымен өз ісіммен айналысу керектігін түсіндім.

Екі ай өтісімен Ғалым жұмыстан кету жөнінде арыз жазады және оған шамшырақ өндірумен айналысқысы келетіндігін білдіреді.

Өз ісін бастау үшін Ғалым автокөлігін де сатады, ол қаражат бастапқы капитал ретінде жұмсалады. Келесі жылы шамшырақтар кіріс әкеле бастайды. Үшінші жылы ол сарапшы ретінде жұмыс істегенге қарағанда бірнеше есе көп табыс таба бастайды. Қазір оның компаниясының табысы 600-800 мың теңге, таза табыс әрқашан әрқилы, яғни шығынға байланысты. Дегенімен бұл қаражат күнделікті өмір мен дамуға жеткілікті.



Назад


Курс валют НБ РК
  • USD Доллар США 334.32
  • EUR Евро 392.29
  • CNY Кит. юань 50.53
  • RUB Рос. рубль 5.63
  • GBP Англ. фунт 450.46

Доска объявлений