Экспресс регистрация
Логин:
Пароль:
 
Пол:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Повторите пароль:
Имя:

«Жібек жолы» ательесі


«Жібек жолы» ательесі
Оралда тамаша бір ателье ашылды. Онда мүмкіндігі шектеулі жандар үшін киім тігеді. Ательеде арнайы қажеттілікке ие клиенттердің кимдерді өлшеуіне қолайлы жағдай жасалған, яғни пандус және тағы басқа арнайы жабдықтар қарастырылған. Оның қожайыны Баян Сәрсенбаеваның өзі де 2 топтық мүгедек және онда жұмыс істейтін қыздар да мүмкіндігі шектеулі жандар.

- Мен, БҚО Теректі ауданы, Анкаты ауылында өстім. Мүгедектігі бар адамдар күнделікті өмірде көптеген қиындықтарға ұшырасады. Қалада оқыту, жұмыс және әлеуметтендіру сияқты мүмкіндіктер берсе ауылда ондай көмек жоқ. Орал қаласына келісімен сатушы болып жұмыс істедім. Осы жерде «Арба» мүгедектер қоғамының төрайымы Батбарқұлова Гүлмира Асқарқызымен таныстым. Көптеген құрбылар таптым, олардың әрқайсысының өз тарихы бар. Барлығымыз бірге семинарлар мен заңды кеңестерге барып тұрамыз. Ол жерден «Даму-Көмек» бағдарламасы жайлы білдім. 2012 жылы оған қатысуға өтінім беріп тігін машинкасын алдым. Басында достарым мен таныстарыма тігіп жүрдім. Тапсырыс жеткілікті еді», -дейді Баян.

Өткен жылы ол «Мүгедектігі бар адамдардың жағдайын жақсарту» жобасы жайлы естиді. Ол жобаны «Шаңырақ» Мүгедектігі бар әйелдер қауымдастығы» ҚБ мен «Даму» Қоры, «Би Джи Интернэшнл Лимитед» компаниясы бірлесіп өткізген.

- Байқауға Қазақстанның үш қаласынан, яғин Алматы, Астана және Орал қалаларынан 35 конкурсант қатысты. Біз «Бизнес-Кеңесші» арнайы оқыту курсы мен өз  бизнес-жоспарыңды жасау бойынша жекелеген кеңестерге қатыстық. Оған қоса, заңды және салықтық сұрақтар бойынша мағлұмат алдық. Бір таңқалғаным менің жобам өтіп, грантты ұтып алдым, - дейді Баян.  

Ол гранттың арқасында Баян «Жібек жолы» ательесін ашады, түрлі қолданудағы бірнеше машинка мен жабдықтар сатып алады және арнайы мамандығы бар адамдарды тігін ісіне жұмысқа алады. 1-ші топтық мүгедектігіне қарамастан Гүлнар Өтегенова дарынды дизайнер және тігін машинасымен шебер жұмыс істейді. Қазіргі уақытта тағы бір мүмкіндігі шектеулі қыз ательеде сынақтан өтуде, оны аяқтаған соң ол да Баян командасының мүшесі атанбақ. Сәрсенбаеваның жоспары көп. Мәселен, ол арнайы  мектеп киімдерін әзірлеудегі тендерге қатысуға мүмкіндігі жететіндігіне сенеді. Ол үшін материалдық және адами ресурстар жеткілікті.

- Менің жоспарым көп. Ательемді кеңейткім келеді. Жұмысқа тағыда мүмкіндігі шектеулі қыздарды шақырғым келеді. Оған қоса, мүгедектерге ісжүзінде қолдаудың жасалып жатқандығына ризамын. Өз күшіңі сену және пайдалы нәрсе жасауға мүмкіндігіңнің болуы біз үшін өте маңызды, - дейді Баян.


Назад


Курс валют НБ РК
  • USD Доллар США 334.32
  • EUR Евро 392.29
  • CNY Кит. юань 50.53
  • RUB Рос. рубль 5.63
  • GBP Англ. фунт 450.46

Доска объявлений