Экспресс регистрация
Логин:
Пароль:
 
Пол:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Повторите пароль:
Имя:

Қуыршақтарда адамдар сияқты


Қуыршақтарда адамдар сияқты
Мамандығы бойынша экономист болып табылатын Ләззат Жақыпжанова IT-компанияда жұмыс істейді, қолы бос кезінде қуыршақ жасаумен айналысады. Оның әр жұмысы 300 доллар тұрады. Бойжеткен қуыршақтар жайлы қорқынышты фильмдерді көруден үрейленетінін жасырмады және шынайы адамдардың көшірмесін жасамауға тырысатынын айтады.

Ләззат Семей қаласының тумасы. Университетті аяқтаған соң біраз уақыт мамандығы бойынша жұмыс істеген, алайда дағдарысқа байланысты фрилансер болуды қалады. Және бос жүрмей қуыршақ ісін зерттей бастайды. Материалдарды жергілікті кантауар дүкенінен сатып алады, олар жоғары сапада болмаған, сондықтан болар ол кезде бірде бір қуыршақты аяғына дейін жасап бітіре алмаған.

2011 жылдан бері ол Алматыда тұрады. Сall center Beeline жұмыс істеді, еркін жұмыс уақыты оның қуыршақ жасаумен айналысуына мүмкіндік жасады. Қазір ол IT-компанияда еңбек етуде, сондықтан өзге істермен айналысуға уақыты жете бермейді. Ләззаттың жұмысы өзіне ұнағандықтан хоббиіне бір жолата кеткісі жоқ.

—   Оған қоса, Қазақстандағы авторлық қуыршақ нарығы да дамымаған. Былай қарайтын болсақ бізде коллекционерлер аз, менің қуыршақтарым коллекциялыққа жетпейді, - дейді ол.

Шебердің пайымынша, коллекциялық қуыршақтар тұрақты әрі қымбат металдармен безендірілген болуы керек. Мәселен, канадалық суретші Марина Бычкованың жұмыстары жылына бір рет бәссаудаға шығарылып, ондаған мың долларға сатылады.

Ләззаттың қуыршақтарының құны 300 доллар маңайында. Тапсырыс беру мөлшері көрмеге шығарған соң ғана өседі. Оған қоса, ол қазір бірнеше материалмен жұмыс істеуде, оларды интернет арқылы сатып алады.

— Бұл істе қабыршақталған пластик өте ыңғайлы әрі танымал. Сыртқы келбеті жағымды және түсі теріге ұқсас, — дейді шебер.

Бәрінен қызығы эпоксидті смоладан жасауы қызық екен. Егер өздігінен қататын балшықтан жасайтын болса, онда алдымен қаңқасын құрайды.

Қуыршақпен айналыспас бұрын Ләззат декоративті өнермен әуестенген, яғни hand made мен скрапбукингпен.
Ол қуыршақ көрмелеріне жиі қатысып тұрады және тапсырыстар әсіресе сол жақтан түседі.

— Кейбір клиенттер 12-13 жас аралығындағы балаларға ойыншық тапсырыс береді. Соңғы тапсырыс өте күрделі болды, маған нақты кейіпкерді сипаттап берді. Тапсырыс берушінің өз талаптары болды, тіптен қуыршақтың бет әлпетіне дейін ұқсау керек болды. Жобаның өзі мен үшін қызықты болды, өйткені бұл кейіпкер кітапты иллюстарциялауға қажет еді, — дейді Ләззат.


Назад


Курс валют НБ РК
  • USD Доллар США 334.32
  • EUR Евро 392.29
  • CNY Кит. юань 50.53
  • RUB Рос. рубль 5.63
  • GBP Англ. фунт 450.46

Доска объявлений