Президенттер үшін сыйлық


Президенттер үшін сыйлық
Бірнеше жыл бұрын Сергей Нескромный теріні нақыштауға арналған шеберхана ашқан. Кәсібі ақырындап өсе түседі, ал қазір президенттерге арналған сыйлықтар әзірлеуде. Шебердің өзі қазір Қазақстаннан кетіп қалған, алайда шәкірттері оның ісін жалғастыруда.

Шеберхана осыдан алты жыл бұрын баспахана базасында қалыптасқан. Сергей алғашында полиграфиямен айналысқан, әрдайым жаңашылқыты іздейтін ол терімен жұмыс істеп көруді жөн көрген. Сөйтіп баспахана бұрышында теріге нақыш салатын орын пайда болды. Оның үстіне баспаханаға келуші клиенттер бірнеше рет кітап мұқабасын өзгеше стилде жасап беруін өтінген. Осылайша Сергей интернетке кіріп адамдар басылымдарды қалай безендіріп жатқанын көреді, оның бейне сабақтарын алып, жасау әдістерін меңгереді.

Мұндағы құралдардың барлығы негізінен қолмен жасалады. Бір жыл өткен соң Сергейде тамаша заттар пайда бола бастайды, нақышталған  заттарға тапсырыстар келіп түсе бастады.

Шеберхана жетекшісі Олег Волков:
— Мен бұл шеберханаға ойда жоқта келдім. Баспаханаға көмекші ретінде келдім, тіптен алда немен айналысатынымды да білгем жоқ. Жарты жылдай өткен соң нақыш салуды өзім де жасай бастадым. Нәтиже жаман болмады, өйткені Сергей жұмысын әрқашан қарап отыратынмын. Жүз рет естігеннен гөрі бір рет көрген дұрыс дейді ғой.

— Қазіргі уақытта баспахана жоқ. Сергейдің өзі жарты жыл бұрын Болгарияға көшіп кетті, алайда өндіріс тоқтаған жоқ, оның шеберханасын атқарушы директор ретінде жүргізіп отырмын. Ұжымда бар болғаны бес адамбыз, сондықтан мен өзімді директор ретінде сезінбеймін, осы сөз маған ұнамайды да. Сергеймен әрқашан байланыстамыз, өйткені ол әрқашан тапсырысқа ою немесе дизайн ойлап табады, негізгі оның болмысы суретші ғой. Мен көшірмелерді жақсы жасаймын, өздігімнен бірдеңе салып шығу қиынға соғады.

— Біздің клиенттер алуан түрлі, әмиян сатып алуға жағдайы бар қарапайым адамнан президент аппаратына дейін. Бізге түрлі шаралар үшін сыйлықтарға тапсырыс беріп отырады. Мәселен, бір жылы төрт телеарна дискілерге арналған қорапшаға тапсырыс берді. Одан кейін «Владимир Путин келеді, сыйлық жасау керек» деген жағдайлар да болды. Жақында Қазақстанға Франция президенті келді, біз екі диплом әзірледік, біреуі Назарбаевқа, екіншісі Олландқа.

Олардың ең қымбат бұйымдары – ол жалғыз данамен шығатын заттар және 200  мың теңге шамасында болады екен.

—    Бір кездері біз тапсырысқа ертоқым жасадық. Сергей оны 6 мың долларға сатты, келесі жолы 10 мыңа сатамыз деді. Өйткені шетелдік шеберлердің заты бәссауда да 20-60 мың долларға бағаланады екен.

Олегтің айтуынша, дағдарыс сезіле бастаған, қымбат тұратын бұйымдарға тапсырыс жоқ. Адамдар тек қалтасы көтеретін заттарға тапсырыс беруде. Мәселен, әмиян сияқты 10 мың теңге шамасындағы заттарға.

Белгілі болғандай ең жақсы әрекет ететін жарнама ол клиенттердің пікірлері. Кейде шеберхана жұмысшылары көрмелерге шығатын көрінеді, алайда тәжірибе көрсеткендей ол жақсы нәтиже бермеген.

Юлия Трофимова, шебер: Басында біз көрмелерге шықтық, қазір олар бізге не өсім, не табыс әкелмейтіндігін түсіндік. Егер көрмеге шыққың келсе, онда бірден халықаралық көрмелерге қатысу керек.


Назад


Курс валют НБ РК
  • USD Доллар США 369.98
  • EUR Евро 428.7
  • CNY Кит. юань 53.48
  • RUB Рос. рубль 5.64
  • GBP Англ. фунт 486.49

-->