Экспресс регистрация
Логин:
Пароль:
 
Пол:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Повторите пароль:
Имя:

Жанұялық мәселе қалай отбасылық бизнеске айналды


Жанұялық мәселе қалай отбасылық бизнеске айналды
Қазақстанда мектепке дейінге мекемелер жетіспеушілігі өзекті болып тұр. Теміртау қаласының тұрғыны Тигай жанұясы баласын балабақшаға беру барысында осындай мәселеге ұшырасқан. Соның арқасында оларға «АНЛИ» жеке меншік балабақшасын ашу идеясы келеді, ол 2010 жылы ашылады. Бастапқыда директор Андрей Анатольевич 100 шаршы метрлі бөлмені жалға алады. Бір жыл өткен соң жеке меншік шағын-орталықтарға деген сұраныс тұрақты екендігін түсініп, оны кеңейту керектігін ойластырады. 2011 жылы отбасы бұрынғыдан бес есе үлкен нысанды жалдайды. Ол «Даму» Қорының бизнесті қолдау бағдарламасы арқасында іске асады.

- Мемлекеттік қолдау бізге үлкен нысанға ие болуға және қажетті жабдықтарды сатып алуға мүмкіндік берді. Онсыз бізге бизнесті құру қиынға түсер еді. Пайыздық мөлшерлемені төмендету қаржыны үнемдеуге септігін тигізді. Жаңа жабдықтардың арқасында балабақшамызды әлі де жасақтаудамыз, дейді Елена Тигай.

Басшылық балабақшаның қызмет етуіне қажеттінің барлығын қарастырды. «АНЛИ» мекемесінде мәжіліс залы, киім шешетін орын, медициналық бөлме, ас бөлмесі мен әдіскер отыратын бөлме, ойнау және жатын бөлмелері бар. Шағын-орталықтың аумағында ойын алаңдары орналасқан, шағын спорттық пішіндегі құмсалғыштар да осы жерден орын тепкен. Орталықтың кішкентай клиенттері төрт уақытылы толыққанды тамақпен қамтамасыз етіледі, оқуды да үйренуде, мектепке тапсыруға әзірлік жүргізіледі.

Алған балабақша ашылғанда оған 32 бала келетін, қазір онда 96 тәрбиеленуші бар. Басшылық бұнымен тоқтамайды, басқа да жоспаралар құруда.

- Жоспарымызда осы жерден тағы да нысандар құрылысын жүргізу, психологиялық жеңілдету бөлмесін ашқымыз келеді және қыздыру жұмыстары жасалатын тағы бір медициналық бөліме ашуды көздеп отырмыз, - дейді Елена Тигай.


Назад


Курс валют НБ РК
  • USD Доллар США 334.32
  • EUR Евро 392.29
  • CNY Кит. юань 50.53
  • RUB Рос. рубль 5.63
  • GBP Англ. фунт 450.46

Доска объявлений