Экспресс регистрация
Логин:
Пароль:
 
Пол:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Повторите пароль:
Имя:

Жаңа бизнеске старт


Жаңа бизнеске старт
Өз ісін енді бастап жатқан кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған «Даму Srat-Up» бағдарламасы кәсіпкерлік бастамасы бар көптеген адамдардың жолын ашып берді. Қызылорда қаласының тұрғыны Шолпан Ақбарова солардың бірі болып табылады.

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында бастаушы кәсіпкерлерді несиелеуге арналған «Даму» Қоры мен ЦентрКредит Банкінің біріккен «Даму Start-Up» өнімі бар екендігін білген Шолпан, тігін өндірісі бойынша өз кәсібін ашуды жөн көрген. Кәсіпкерлік саласында ешқандай тәжірибесі болмаса да ол өзінің бизнес-жоспарына сенімді болған. Өз жобасы құнының 36% жинап қалғанын ЦентрКредит Банкі арқылы несие рәсімдейді. Және несиені рәсімдеу барысында «Даму» Қоры жас кәсіпкерге 70% кепілдеме жасайды, яғни жетіспеген кепілді қамтамасыз еткен. Қазір Шолпанның бизнесі табысты жүруде. Оның тігін цехы тынымсыз қызмет етуде және бес адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.

Шолпанның айтуынша, тігін жұмысының кереметтілігі бұл өндірісте бала кезінен тігінмен әуестенген және оны табыс көзіне айналдырған адамдардың жұмыс істеуінде. Өзің жаныңдай жақсы көрген іспен айналысып, одан табыс табу екінің-біріне бұйыра бермейді. Қажырлы еңбегі мен алға қойған мақсатқа қол жеткізу жолындағы талпынысының арқасында Шолпан өз арманын іске асыра білді. Ол өзі әуестенген істі сауатты түрде табысты бизнеске айналдыра білді.

- Әдемі әрі сәнді болып жүргісі келетін клиенттерден күн сайын тапсырыс аламыз және олардың қалауы бойынша көмектесуге тырысамыз. Олармен бірге алдымен эскизін әзірлейміз және киімнің суретте бейнеленгендей болып шығуына барымызды саламыз. Кейбір жағдайда қажеттілік туындағанда тіптен клиенттің үйіне өзіміз барып өлшемді анықтап көреміз, бұл олардың уақытын үнемдейді әрі қолайлы. Өз тәжірибеме сүйене отырып, өзінің жеке кәсібін ашқысы келген адамдардың мемлекеттік қолдау арқылы жоспарын іске асыруға мүмкіндіктері бар деп ойлаймын, - дейді Шолпан.


Назад


Курс валют НБ РК
  • USD Доллар США 334.32
  • EUR Евро 392.29
  • CNY Кит. юань 50.53
  • RUB Рос. рубль 5.63
  • GBP Англ. фунт 450.46

Доска объявлений