Экспресс регистрация
Логин:
Пароль:
 
Пол:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Повторите пароль:
Имя:

BESMART – бизнесі


BESMART – бизнесі
Еліміздегі ірі купонаторлардың бірінің басшысы Vox Business басылымына Қазақстанда бизнесті жүргізу мен болашақ жоспарлары жайлы айтты.

BeSmart компаниясынының тарихы сонау 2011 жылдардан бастау алады, яғни ағайынды Азамат пен Сұлтан Сейітбековтердің Қазақстанда купонды қызмет көрсету жүйесін енгізулерімен. Бизнесмендер велосипед шығарып бас қатырмады, олар өз қызмет түрін Biglion пен Groupon сияқты әлемдік алпауыттардың табысты кейсына бейімдеді.

Ол кезде Қазақстанда бірнеше ойыншылар бар еді, олар өз жұмысын енді бастап жатқандықтан қызмет түрінің бұл түрі бойынша орын бос еді. Ағайындылар өз алдына жекелей жұмыс істеп көреді, бизнестің бұл түрі сырт көзге жеңіл көрінгенімен оны жүргізу үрдісі күрделі болып шығады. Сейтбековтар the FARM инвестициялық компаниясына жүгінуді дұрыс деп шешеді. Инвесторлар ағайынды жігіттердің талпынысын оң бағалап, оны инвестициялауға келіседі. Осылайша 2011 жылы Besmart-та белсенді сатылым басталады.

«BeSmart бәсекелестерінен кешірек шыққандықтан уақыт өткізбей бірден тұлғаларды жалдау мәселесі шешілді», -дейді the FARM инвестициялық компанияның маркетинг және сатылым бойынша директоры Анна Осипова. Алғашқы кезеңде сервисті дамыту үшін Biglion пен Groupon сатылым саласынан бірнеше адам шақырылған. Олар BeSmart-тың қысқа мерзім ішінде осы саладағы сенімді ойыншысына айналуына көмектескен. Жұмыс басталғаннан кейін 4 айдан бастап купанатор жұмысы табыс әкеліп, өзін ақтай бастайды және түскен қаражаттың барлығы бизнесті дамытуға жұмсалады.


Besmart қазақстандық нарықттан шеткері шығып кеңейуді жоспарлайды. Яғни, электронды коммерцияның даму деңгейі Қазақстанға ұқсас болып келетін орталық азия мен кавказ аймағына. Алайда бастапқы кезеңнен-ақ жоба жұмысы көптеген мәселеге ұшырайды.


Besmart-тың коммерциялық директоры Дмитрий Панкратовтың айтуынша, кез-келген бизнес бастапқы кезеңде серіктестер тарапынан түсінбеушілікке ұшырап жатады. Бұл фактордың да тереңдей түсуіне қазақстандық тұтынушылардың онлайн-сатылымға деген мәдениетінің жетіспеушілігі себеп болған.

«Серіктестер BeSmart жұмысына сенімсіздікпен қарағандықтан, кәсіпкерлерге купонатормен ынтымақтасу не үшін қажет екендігін түсіндіруге көп күш жұмсауға тура келді», - деп еске алады Дмитрий.

Дегенімен клиенттер мен серіктестер тарапынан ниеттестік деңгейі өсе түскен. Қазіргі күні 10% жуық жаңа серіктестер купонатормен ынтымақтасуға ниетті.

Бүгінгі таңда BeSmart Қазақстандағы купон сервисі нарығының 35-40% иеленіп отыр. Елдегі белсенді пайдаланушылардың саны 100 мыңнан асып кеткен, ал жалпы тіркелгендері 700 мың шамасында.


Назад


Курс валют НБ РК
  • USD Доллар США 334.32
  • EUR Евро 392.29
  • CNY Кит. юань 50.53
  • RUB Рос. рубль 5.63
  • GBP Англ. фунт 450.46

Доска объявлений