Экспресс регистрация
Логин:
Пароль:
 
Пол:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Повторите пароль:
Имя:

Шымкенттік аяқ киім


«Оңтүстік Қазақстан аяқ киім фабрикасы» осы облыстағы аяқ киім шығарумен айналысатын жалғыз компания. Шетелден келетін аяқ киім ағыны мен жоғары бәсекеге қарамастан жергілікті кәсіпкерлер инвестициялық жобаны жүзеге асыруға бел буған.

Аяқ киім өндірісіне банктен несие алып әрі «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының қатысушысы атанған компания «Даму» Қорының қолдауына ие болады, яғни несиенің пайыздық мөлшерлемесі субсидияланады. Аяқ киім өндірісін іске өосу үшін компания технологиялар сатып алу үшін несие алған. Жаңа жабдық ерлер мен әйелдердің түрлі моделдегі аяқ киімін шығаруға мүмкіндік береді: жаздық сүйретпеден етікке дейін. Өндірістік күші күніне 5 000 аяқ киімге дейін барады.

«Қол жетімді бағадағы отандық аяқ киім өндіру идеясы менің ағамдікі болатын. Біз нарыққа зерттеу жүргіздік әрі нарықта ұсынылатын құрал-жабдықтарды да қарап шықтық. Ақыр соңында тауардың басым көпшілігі бізге Қытайдан әкелінетіндігін және олардың сапасы жақсартуды қажет етеді деген ұйғарымға келдік. Және бұл жұртшылықты отандық өнім шетелдіктен еш кем емес деуге шақыру болып отыр», - дейді компания директоры Санжар Тіленов.

Кәсіпкер өндірісті үйде киетін сүйретпеден бастағанды жөн санапты. Қазірдің өзінде күніне сүйретпенің 1000 данасы шығады екен. Тауардың таралымы ірі ритейлдер мен көтерме саудагерлер арқылы жүргізілуде. Егер сұраныс үлкен болса компания бұдан да көп өндіруге қауқарлы. Қазіргі сәтте  өндірістік қызмет бойынша он бес адам жұмыс істеуде.

«Келесі кезең  –  бұл дизайнерлік аяқ киімдер өндірісі. Басында мұны өз күшімізбен іске асыруды жоспарлағанбыз. Алайда, тәжірибелі серіктес керек екені байқалды. Елден ондай адамдар табылмады, сондықтан оны Туркиядан таптық. Бізге оның дизайнерлік, сапаның сақталуы, өндірісті жөнге салу тұрғысындағы  көз-қарасы өте маңызды болып тұр. Біз алдымызға үлкен жоспарлар қоюдамыз, яғни 100  мың дизайнерлік аяқ киім өндіруді. Осы тұрғыда қазір жұмыстар атқарудамыз және жұмысшылар санын 25 көтеруді ойластырып жатырмыз», - дейді Санжар.

Әзірге  сатылымда «Оңтүстік Қазақстан аяқ киім фабрикасы» компаниясының өз фирмалық нүктелері жоқ. Жергілікті таратушылармен байланыс орнату жұмысы белсенді жүргізілуде.
Санжардың айтуынша, өндірістің барлық кезеңінде сапаны мұқият тексеру жүргізілуде, оған қоса табиғи таза материалдар ғана қолданылуда. Әзірге шикізат Қытайдан тасымалданбақ. Өкінішке орай жергілікті нарықта қажетті сапалы шикізат жоқтың қасы. Дегенімен Қазақстаннан қажетті өнімді жеткізушілер табылып жатса, Санжар олармен жұмыс істеуге дайын.

«Алғашында «Даму» Қорымен бірге бастадық және құрал-жабдық сатып алдық. Несиені қазіргі уақытта жауып та үлгердік. Бұл бизнесті бастау кезеңінде өте қолайлы. Қазір біз өз күшімізге сенім артамыз»,  -  дейді Санжар.


Назад


Курс валют НБ РК
  • USD Доллар США 334.32
  • EUR Евро 392.29
  • CNY Кит. юань 50.53
  • RUB Рос. рубль 5.63
  • GBP Англ. фунт 450.46

Доска объявлений