Экспресс регистрация
Логин:
Пароль:
 
Пол:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Повторите пароль:
Имя:

Кейтеринг


Кәсіпкер Джунейт Танриверди Стамбулда туып, сонда өскен. Сол жақтан бухгалтер мамандығы бойынша білім алып шыққан. Тағдырдың жазуына орай Джунейт қазір Қазақстандағы кейтрингті компанияға иелік етіп отыр. –«Алғаш Қазақстанға мен 2003 жылы келдім. Ол кезде бастығым осында қонақүй бизнесі бойынша жұмыс істеп жатқан әрі казино ашты. Содан мені Алматыға іссапарға жіберді. Соңғы келген кезімде Алматының ұнайтындығын және осында қалғым келетіндігін түсіндім, - деп еске алады Джунейт.

Ол оңтүстік астанадағы өз жұмысын «Амабассадор» қонақүйінде менеджер болудан бастайды. Кейіннен жұмысын «Алатау» қонақүйіне ауыстырады. Сол жерде алғаш рет өзін кәсіпкер ретінде сынап көріп, қонақүйдің мейрамханасын жалға алады. Өкінішке қарай,  Джунейттің бизнесі жүрмей 6 айдан кейін жабылып қалады. Дегенімен бұл ол үшін үлкен тәжірибе болды. Ол ештеңеге мойынсынбай, серігімен бірге кейтерингті компания ашады, ол жерде 5 жыл жұмыс істеп, мол тәжірибе жинақтапй отырып байланыстарын бекіте түседі.

-  Өз бизнесімді ашуға деген сенімділік туған сәтте бұл бизнес бойынша тәжірибем нығайып, оның жұмысының егжей-тегжейіне дейін түсінетін жағдайға жеттім. Мен нарыққа талдау жасап, тұтынушыларға не жетіспейтіндігін түсіндім. Яғни, кеңеселерде сапалы тамақтану жеткіліксіз екендігін байқадым. Осылайша кеңсе жұмысшыларына  дұрыс тамақтану тәртібін ұйымдастыруды бастап кеттім. Олар кеңседен шықпай-ақ түстеніп, тамақтануы үшін қолдан келгенді жасауға тырыстым», - дейді Джунейт.

Үлкен нәрсені армандай отырып Джунейт төменнен бастайды. Оның бір ай уақыты іске асыру жоспарын жасауға кеткен. Қазіргі уақытта  Джуйнет тамақ әзірлейтін асхана базасында өз өндірісін жүргізіп отыр. Одан дайын тамақты тапсырыс берушілерге тасиды. Оның айтуынша, тамақ әзірлеуге жергілікті өндірушілердің азық-түлігі қолданылуда.

- Мен тендрға қатысу арқылы клиенттер жинап алдым. Қолайлы бағада сапалы әрі дәмді тағамдарды ұсындым. Қазір Алматыдағы бірнеше компанияның қызметкерлерін тамақтандырудамыз. Кейбір компаниялар бөлме, асхана мен жабдықтарды да тағайындап береді. Бұл біздің жұмысты жеңілдете түседі, өйткені аспазшыларымыз сол жерде тамақты әзірлей алады. Егер ондай мүмкіндік болмаса өз асханамызда жасалған ыстық тағамдарды әкеп береміз, - дейді кәсіпкер.
Мамырайында Алматы қаласындағы Гайдар көшесінде «Сұлтан мангал» кафе-мейрамхана ашылады. Қазір оны іске қосудың соңғы жұмыстары жүргізілуде.  Бұл Джунейт ашып отырған Алматыдағы екінші мекеме болмақ. Оған қоса, Джунейт консультациялық қызметтер көрсетеді. Адамдардың көбі мейрамханалық бизнеспен айналысқысы келеді, алайда оны түпкілікті біле бермейді: қандай жабдық сатып алу керектігін, жұмысшыларды қалай дұрыс таңдау керек, мәзірді дайындаудың құпиялары сияқты.

Кәсіпкер алдағы уақытта Астана қаласынан да өз кәсіпорнын ашуды жоспарлап отыр.
«Қауіп-қатер кез келген бизнесте бар, алайда дағдарыс бұл салаға көп шығын әкеле қоймайды. Тамақ үшін ештеңе үней бермейді, мүмкін аз табыс табуың мүмкін. Дегенімен бинес бәрібір аға қозғалып отырады», - дейді Джунейт.


Назад


Курс валют НБ РК
  • USD Доллар США 334.32
  • EUR Евро 392.29
  • CNY Кит. юань 50.53
  • RUB Рос. рубль 5.63
  • GBP Англ. фунт 450.46

Доска объявлений