Экспресс регистрация
Логин:
Пароль:
 
Пол:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Повторите пароль:
Имя:

Баптай білсең жер – жомарт


Іскерлік саладағы әкімшілік көңілдің төмендігі – әкімшіліктегі іскерлік рухтың жоғарлығын білдіреді. Қуаныш Қабиденов өзінің өмірлік ұстанымын Генри Фордтың осы сөздерімен білдірді. Ол – көптеген салаға атсалысып жатқан компанияның басшысы әрі ортақ құрылтайшысы. Яғни, металлургия, агросектор, IT-технология, жеңіл өнеркәсіп, құрылыс, жер қойнауын қазу өндірісі салалары.

Кәсіпкер Павлодар қаласында «Алтанды-ПВ шаруа қожалығы» ЖШС стартапын іске қосу арқылы аграрлық нарыққа 2011 жылы енген.

– 2012 жылы біз алғашқы егістік жұмыстарды бастадық. Қоймаларды толықтай қайта құрдық, көкөніс сақтау орындарын тұрғыздық, Германиядан желдеткіш, ауылшаруашылыққа қажетті тоңазытқыш әкелдік, оған қоса коммуникация тарттық, – дейді Қуаныш Қабікенұлы.

Қазіргі таңда «Алтанды-ПВ шаруа қожалығы» 17 мың гектар жерге иелік етіп отыр, оның 500 гектары жүйелі суарылуда. Суармалы егіндік аумағына сәбіз, картоп отырғызылған, ал суармалы емес жерлерді бұршақ тұқымдас егістік жайлаған.
– Қазіргі уақытта қалған территорияны игерудеміз, яғни келесі жылы суармалы аумақты 1000 гектарға жеткізу үшін, – дейді Қабиденов.

Шаруа қожалықтың өнімдері Green, Magnum, Metro, «Асылжан» және тағы басқа ірі қазақстандық сауда желілері арқылы халыққа таралуда.
– Өткен жылы біз өнімнің 70% ресейлік нарыққа экспорттадық. Біздің серіктесіміз болғандар: Томскідегі чипсы өндіретін зауыт, Омскідегі кептірілген көкөністер өндіру зауыты, сауда желілері мен трейдерлер. Осы жылы долларға қатысты рубль мен теңгенің айырмашылығына байланысты біз экспортер ретінде ресейлік нарыққа тиімсіз болып қалдық. Сондықтан қазір өнімнің 100% мөлшерін ішкі нарықта сауда желілері арқылы таратудамыз. Оларға өнімімізді жеткізіп береміз және төлемді 10-15 күннен кейін жасауға рұқсат береміз. Осылайша біз сауда желілеріне қолайлы жағдай жасаудамыз, олар тіптен ақша да салмайды бұған. Ең қауіптісі – сақтау, жеткізіп беруді біз өз мойнымызға аламыз, – кәсіпкер.

Оның айтуынша, агросалада қазіргі күні өз өнімін тікелей сату деңгейінде жұмыс істейтін ойыншылар өте аз.
Шығынның көптігіне байланысты әр компанияда логистика жүйесін ұйымдастыру мүмкіндігі жоқ. Яғни, өз көліктері және өнімді ұзақ уақыт бойы сақтауға мүмкіндік беретін әрі жоғары сапа стандартына жауап беретін көкөніс сақтау қоймалары жоқ. Сондықтан агрокомпаниялардың 70% өз өнімдерін трейдерлер мен делдалдарға төмен бағада беруіне тұра келіп тұр.
Қабиденов «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясындағы «ДАМУ» Қорының субсидиясынсыз мұндай ірі аграрлық жобаны іске асыру қиынға түсетіндігін айтып өтті. Бағдарлама аясында мемлекет көптеген ауыртпалықты өзіне алғаны үшін кәсіпкер алғысын білдіруде.

– Жобаны жүзеге асыру үшін біз Сбербанктен 200 миллион теңгені жылдық 12% алдық. Оның 7% «Даму» Қоры субсидиялады, нәтижесінде біз өз қаражатымыздан жылдық 5% ғана төлейміз. Жалпы алғанда инвестиция мөлшері несие сомасын басып кетті, оның үстіне біз өз қаражатмызды да салдық. Қазіргі күні біз несиені толықтай жаптық, кәсіпорынмызда ешқандай несиелік міндеттеме жоқ. Енді біз тапқан табысты бизнесімізді одан ары дамытуға инвестициялай аламыз, – дейді Қуаныш Қабікенұлы.


Назад


Курс валют НБ РК
  • USD Доллар США 334.32
  • EUR Евро 392.29
  • CNY Кит. юань 50.53
  • RUB Рос. рубль 5.63
  • GBP Англ. фунт 450.46

Доска объявлений