Экспресс регистрация
Логин:
Пароль:
 
Пол:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Повторите пароль:
Имя:

Қажырлы қыздың еңбегі


Ренатта Евсеева – талдықорғандық психолог. Оның белсенді өмірлік ұстанымы мен қызықты хоббиі Ренатаны Алматы облысынан да тысқары жерге танымал етті.

- Мен Шығыс Қазақстан облысының Аягөз қаласында дүниеге келгенмін. Менің балалық шағым бақытқа толы болды, айналам әрқашан қамқорлық пен сүйіспеншілікте еді. Бәрі шетінен тамаша болды деуден аулақпын. Мен жиі  ауруханада жаттым. Ата-анам менің негізгі дертім бойынша мамандарды іздеумен болды, сондықтан мені тексеріс жасау үшін емханаға жатқызуларына тура келді. Ол кезде балалар ауруханада ата-аналарынсыз жататын. Ол оңай емес еді. Кейінен маған көмектескісі келетін дәрігер де табылды. Сөйтіп біз Талдықорғанға ауыстық, - дейді Рената.

Дертіне байланысты ол үнемі үйде жалғыз қалуына тура келген. Үйде тіптен телефонда болмаған. Дегенімен бұл Ренатаның көңіліне қаяу келтірмеді. Ата-анасы оны қайратты, табанды әрі оптимист ретінде тәрбиелеген. Оптимизм оған әрдайым көмектескен және әлі де көмектесіп келеді.

Мектепті аяқтаған соң Рената ата-анасының талап етуімен экономист мамандығына оқуға тапсырады. Экономика қызықты сала болғанымен Ренатаның жанына жақын болмады. Солайша ол бұл  институтты тастауға шешім шығарады. Қайта емтихан тапсырып І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің психология факультетіне түседі.

- Психологияға мектепте жүргенде қызығатын едім. Университетте де үлкен талаппен оқыдым. Дипломдық жұмысымды бірінші курста жүргенімде-ақ жаза бастадым. Сөйтіп 4,5 жылдай  «Аналардың болашақ баласына деген қатынасы мен нәрестенің психикалық дамуы» атты тақырыпта жұмыс істедім. 2009 жылы осы тақырыпта менің ғылыми мақалам жарияланды, - дейді Рената.

Психолог болу оңай емес, дәрігер сияқты жауапкершілікті талап етеді. Адам қандайда бір шешім қабылдауға қиналып, қиындықтан шығар жол іздегенде психологқа жүгінеді. Адамды дұрыс қабылдап, оны түсініп әрі ұсыныстар айту маңызды. Өйткені ол оның болашағына әсер етеді. Ренатаға да адамдар түрлі ұсынымдармен келеді.

- Мамандығым бойынша 2009 жылдан бері ерікті болып жұмыс істеп келем. Мен Жалпыресейлік мемлекеттік телерадиокомпанияның отбасыға арналған «Достар елі» әлеуметтік желісіндегі психолог-сарапшымын. Менің мамандығымда тұрақты клиенттер болмайды. Маған адамдар өз проблемаларымен үнжырғасы түсіп келеді, консультация алған соң қайта қажырланып, бойына сенімділік жинап қайтады. Адамдар ес жиған құстар сияқты, қайта көкке көтеріліп самғайды, - дейді Рената Евсеева.

Ренатаның аладғы жоспарында суреттер көрмесін өткізу тұр. Ол майлы бояумен сурет салады. 2002-2004 жылдары Жапонияда оның жеке көрмесі өткен. 2003  жылы Жапонияда оның «Күнбағыс» картинасы атаом мен сутекті бомбаға құарсы Халықаралық конференцияның символы ретінде танылған. Бұл туындымен постер жасалған. Постерде Хиросима мен Нагасаки қалалары безендірілген. Оған қоса, ашық хаттар жасалып ядролық қару державалары басшыларына жолданған.


Назад


Курс валют НБ РК
  • USD Доллар США 334.32
  • EUR Евро 392.29
  • CNY Кит. юань 50.53
  • RUB Рос. рубль 5.63
  • GBP Англ. фунт 450.46

Доска объявлений