Экспресс регистрация
Логин:
Пароль:
 
Пол:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Повторите пароль:
Имя:

Қазақы нақыштағы автожабындылар


Елімізде бұрын-соңды өндірілмеген өнімді шығарып жүрген кәсіпкерлердің бірі Құмар Жұмаханұлы. Ол қазақы нақыштағы ою-өрнекпен безендірілген автожабындылар тігіп шығарып жүр. Елімізде кеңінен таралып жатқан бірігей өнімді шығарушы жас кәсіпкер мен тілдесіп, жұмыс барысымен танысқан едік.

Құмар, өзіңіздің туып өскен жеріңіз жайлы айта отырсаңыз?

- Шекараның арғы бетінде, Қытайдың Тарбағатай аймағындағы Сауан деген ауданда 1987 жылы туғанмын, 5 баланың үшіншісімін. Қазір өз отбасым бар, бір баланың әкесімін. 2004 жылы атажұртқа қоныс аудардық. «Қазақ тілі мен әдебиеті» деген мамандық бойынша жоғары білім алдым. Бітіргенсоң 3 жылдай мамандық бойынша қызмет атқардым. Енді кәсіпке бет бұрып жатырмыз.


     Кәсіпке салынған инвестициялар көлемі? Алғашқы капитал қалай құралды?

- Алғашта шағын қаржымен осында қарапайым тігінхана жабдықтап бастадық. Ел-жұрттың бұл өнімді қалай қабылдайтынын сараладық, сұраныстың барлығын білдік.   Бірақ, межелеген  дұрыс сапаны жасай алмадық. Себебі, бізде тігінге байланысты инфрақұрылым жоқ. Керекті дүниенің бірін-тапсаңыз бірін таппайсыз, шетелден тасымалданып отырғандықтан құны да жоғары болып келеді.  Сонымен, осында дизайын жасап, үлгілерін тігп алып, қытайдың жоғары технологиясына жүгініп отырмыз. Болашақта қаржы топтап алып, отандық өндіріс жасау жоспарда бар. Алғашқы капиталды қарызға алдым.


Неліктен осы кәсіпті ашуды ұйғардыңыз? Несімен ұнайды?

- Қазақ халқының ою-өрнегі көшпенді мәдениетінің ең озық үлгілерінің бірі. Қарапайым ғана  оюға бүкіл бір ұлттың дүниетанымы сыйдырылған. Әрі ол ұлттың айнымас бөлшегіне айналып, үнемі қолданыста болған, бірақ, қазір көп пайдаланбайтын, сахналық жеңіл бір дүниеге айналып барады, оюлы шапанды көшеге киіп жүрмейсіз, кикізүйде тұрмайсыз, тек кәдесыйға пайдалана беруден ұтпаймыз.  Бірақ, сол күйінде қалдырмауға тиіспіз. Бүгінгі күнге сай етіп, заманауи дизайнмен қолдана білсек, бүгінгі өмірге жақындатамыз. Бұрынғы ат - бүнігнің мәшинесі, халқымыз атының әбзелдеріне ұлттық нақыш беріп, аткөрпе, жабу, кежімдерін сәндеп салған. Сол жағынан алып қарастыратын болсақ, тура осы автожабуда пайдаланудың өзіндік қисыны бар. Адамның патриоттығы ішкі дүние, таным-түсінікпен бірге, киген киім, мінген ат, пайдаланатын бұйымдардан да көрінеді.   Өз еліңде өз ұлтыңның ұлттығын танытатын дүниемен айналысу, бұл мен ғана, емес кез-келген қазақтың баласына ұнауы тиіс.


Нарықты сараптадыңыз ба? Мүмкіндіктеріңізді қалай шамаладыңыз?

-     Сараптадық әрине, кәсіпкеліктің басты заңдылықтарының біріғой. Мүмкіндігіміз мол деп есептеймін. Себебі, Қазақстанда ұлттық дизайындағы автожабулар бұрын болған жоқ. Бұл – жаңалық. Біздің халықта қазір ұлттық нақыштағы дүниеге деген үлкен бетбұрыс бар. Ол керек, ұлттық өнім қалптасып келе жатқан ұлттық экономиканың жаңа тынысын ашады деп есептеймін.

Бұрын кәсіппен, бизнеспен айналысып көрдіңіз ба?

-         Жоқ, кәсіптегі алғашқы қадамым. Бұрын «сөздің» төңірегін жағаладық, кәсіпкерлікке түбегейлі бет бұруыма қазақтың белгілі кәсіпкер азаматы Ахметбек Нұрсила ағамыз себеп болды, осыдан біраз бұрын қазақтың жастарын жиып, қалай кәсіпкер болу туралы сабақтар өткізді, сол кісінің айтқаны намысқа қамшы болып, жалақылы жұмысты тастап, кәсіпкер болуға ниеттендім. Ол кісі қазір де өз кісібім болсын деп талпынғандарға тәжірибесімен тегін бөлісіп жүр.


Бәсекелестік бар ма? Өзге бәсекелестерден басты айырмашылығыңыз?

- Бар, себебі, біз тігіні дамыған екі ел Қытай мен Қырғызстанның көршісіміз, ол жақтан автожабулар ағылып келіп жатыр. Бірақ, біздің олардан айқын артықшылықтарымыз бар. Басты ерекшелігіміз ұлттық ою-өрнекпен айшықталған, сосын, екі жағын кезек қолдануға болады. Бұны да автожабу өндірісіндегі соңғы жаңалық деуге болады.  Сапасы, салонда әдемі көрінетіні, барлық көлік түріне келетіні өз алдына.

Клиенттерді қалай жинадыңыз?

- Біздің тұтынушылар бүкіл Қазақстанды қамтиды. Өніміміз бұрын сатылымда болмған, сондықтан қиындықтар бар.   Жарнама мен PR-дың түрлі технологиясын, мұмкіндіктерін пайдаланып жатырмыз. Қазір ақпараттық дәуір, бұрынғы жарнама жұмысын қолданыстағы интернет неше мың есеге арттырып отыр деуге болады. Осы жағына баса назар аударып отырмыз. Баспасөздегі әріптестеріңіз де қызу қолдау білдіріп жатыр.
Болашаққа жоспарыңыз жайлы айта отырсаңыз?

- Жоспар көп, нәтижесін уақыт айқындайды. Бірінші кезекте енді ғана басталып жатқан осы жұмысты аяғынан тұрғызу, мүмкін болса отандық өндіріс ашу. Қытайдың өз ішінде саудаға салуды жоспарлап отырмыз, дайындық жұмыстарына кірісіп кеттік. Бұл жақтан да, ол жақтан да патенттеп қойдық.


Назад


Курс валют НБ РК
  • USD Доллар США 334.32
  • EUR Евро 392.29
  • CNY Кит. юань 50.53
  • RUB Рос. рубль 5.63
  • GBP Англ. фунт 450.46

Доска объявлений