Экспресс регистрация
Логин:
Пароль:
 
Пол:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Повторите пароль:
Имя:

Саудадан өндіріске дейін – бір қадам


Саудадан өндіріске дейін – бір қадам
Тәттіні барлығы жақсы көреді, ол жағын Жанаргүл Жұмағалиева жақсы біледі. Ол Семей қаласындағы «Ажар» аспазханасының басшысы. Қазіргі таңда оның цехы Қазақстан аймақтарын сапалы өніммен қамтамасыз етіп отыр. Жанаргүл Жұмағалиева көптеген уақыт мұғалім болып жұмыс істеген, алайда күндердің бір күнінде өз бизнесімді ашсам деген ой келеді.

–    Шынымды айтсам мұғалімнің жалақысы көңілімнен шықпады. Басында саудамен айналыстым, қаламызға Алматы мен басқа қалалардан печенье, аспаздық өнімдер жеткізіп тұрдым. Дегенімен ұзақ жүріске байланысты тәтті өнімдері тауарлық сипатын жоғалта бастайды. Соларға ұқсас өнімді өз өңірімізден шығаруды бастап көргім келді, – деп еске алады ол.

Ол бизнесін шағын нәрседен бастаған: Семейден жеке үйді жалдап, Қытайдан пеш сатып алады, осылайша алғашқы партиясын әзірлеп көреді. Алайда нәтижеге бірден қол жеткізбейді. Алматыдағы таныс өндірушілері миксер алуға кеңес береді, оған қоса әзірлеу технологиясы бойынша көмектеседі. Алғашқы айлары цехта бар жоғы 3 адам ғана жұмыс істеген.

– Жаңа піскен ыстық печенье кеңінен таралып, үлкен сұранысқа ие болды. Пішіні мен дизайнын біз өзіміз ойлап таптық және барлығын қолмен жасадық. Қиындықтарсыз да болмады. Бөлмедегі электр қуатымен проблема туындады, шамды өшіріп тастады, кейіннен штатты кеңейткенде орын жетіспеушілігі орын алды. Сонымен жалға басқа нысан алуға тура келді, - дейді кәсіпкер.

Жанаргүл мұндай қиындықтармен күрес одан ары нығайта түседі деді. Бір күні көп көлемдегі өнімге тапсырыс берушілер оған мемлекеттік қолдау бағдарламасына қатысуға кеңес береді. Аспазхана басшысы банктен несие алып, субсидия бағдарламасы арқылы оның пайыздық мөлшерлемесін төмендетіп, бизнесін одан ары кеңейте түскісі келеді.

- Біз тек жалға алған орын үшін айына 280 мың теңге төлеп келдік. Бұл тиімсіз еді. Солайша өз нысанымыздың құрылысын бастадық, алайда қаражат жағы жетіспеді. «БЖК -2020» бағдарламасы осы тұста ақшамызды анағұрлым үнемдеуге жағдай жасады. Әйтпесе қажетті ақшаны ешқашан жинай алмас едік, ал несиені шетінен бөліп төледік. Аспаздық цехтан өзге ғимаратты тұрғыза білдік.  Ол жерден қонақүй, асхана ашып,  кондитерлік өнімге қажетті жабдықтар мен оны таситын көлік ала  білдік, - дейді Жанаргүл Жұмаханова.

Оған қоса, кәсіпкер «Іскерлік байланыстар» жобасына да қатысып, өз жобасын сәтті қорғай біледі. Сөйтіп шетелден тағлымдамадан өтіп келеді. Батыстық әріптестерінен алған білімі мен тәжірибесін өз өндірісіне енгізуде. Қазіргі күні «Ажар» компаниясы өнімнің 130 түрін шығаруда. Оның алдағы жоспарында клиенттік базаны кеңейту, өнімін Қазақстан бойынша тарату және өзге мемлекет нарығына шығару тұр.


Назад


Курс валют НБ РК
  • USD Доллар США 334.32
  • EUR Евро 392.29
  • CNY Кит. юань 50.53
  • RUB Рос. рубль 5.63
  • GBP Англ. фунт 450.46

Доска объявлений