Экспресс регистрация
Логин:
Пароль:
 
Пол:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Повторите пароль:
Имя:

Энергияны үнемдей отырып


Энергияны үнемдей отырып
- Менің балалық шағым Алматы облысындағы ауылдардың бірінде өтті. Атамның тәрбиесінде болдым, данагөй адам еді. Қандай жақсы кітаптарды оқу керектігін және өз мақсатыңа шынайы еңбекпен жету керектігін үнемі айтып отыратын. Қолға алған ісіңнен нәтиже шығару керектігін әрдайым айтып отырушы еді. Ол кезде не жайында айтып отырғанын жөнді түсіне бермейтінмін, - деп еске алады Мәди Ағыбаев.

Сегізінші сыныпты тәмамдаған соң Мәди  қазақ-түрік лицейіне тапсырады. Мектепте оны тіл білу жағы көбірек қызықтырады: орыс, түрік, ағылшын және араб тілдерін меңгереді. Ал ЖОО келсек Мәди техникалық – Алматы энергетика және байланыс институтын таңдайды.

- Жасырмаймын, елде инженерлер жетіспейді деген соң осы мамандықты таңдадым. Үшінші курсты аяқтаған соң кафедра меңгерушісі Хисаров Болат Жантемірұлы бір топ студентті «Сайман» зауытына апарды, олардың ішінде мен де бар едім. Сол кезде ол зауыт директоры Тәжікенов Сағын Оразалыұлына мені тәлімгер ретінде алып әрі 7500 теңге шәкіртақы төлеуге көндірді. 2003 жылы бұл тәуір ақша еді. Сөйтіп мен екі жылдай зауыттан шәкіртақы алып отырдым. Жазғы тәжірибелік жұмыстан соң инженер көмекшісі ретінде жұмыс істей бастадым. Кәсіпорын есеп жасаудың автоматтандырылған жүйесін шығарып жатқан кез болатын, - дейді Мәди.

Ол жерде Мәди тоғыз жылдай жұмыс істейді, тәлімгер ретінде бастап, коммерциялық директорға дейінгі жолды жүріп өтеді. Зауыттың барлық жұмыс үрдісін меңгереді. Мәди зауыттағы мәнсап жолының жеңіл болмағандығын еске алады. Әрқашанда жетілу үстінде және өзге қызметкерлер жанында озық тұруды қажет етеді. Сондықтан да ол 2011 жылы мамандығы бойынша магистратураға түсуді жөн санайды. Кейіннен Ағыбаевтың жұмыс өтілі тізіміне оқытушылық қызметі мен шетелдік компаниядағы жұмысы кіреді. Кейіннен ол өзінің жеке ісін ашу жөнінде ойланады.

- Менің бизнесім энергия үнемдеумен байланысты. «Бизнестің жол каратсы – 2020» бағдарламасы бойынша алдымен Алматыда, кейін «Іскерлік байланыс» жобасымен Германиядан тағлымдамадан өттім. Тағлымдама тақырыбы «Кәсіпорындағы энерготиімділік» болды. Дәл сол кезде Қазақстанға энерготиімділікті енгізумен айналысам деген шешімді қабылдадым. Экологияны қорғап, адамдардың ақшасын үнемдеу қайырымды іс қой, - деп еске алады Мәди.

Ол мүмкіндігінше  "ГРИНТЭК" ЖШС жылдам тіркеп алады. Фирмасының сайтын да өзі жасап шығарады. Алғашқы капиталы тым аз еді, өзі жинағаны және қарызға алғандары. Мәди өз қызметінің бағытын анықтап, презентациялық материал әзірлеп шығарады. Оны көптеген компанияларға  жіберіп, түрлі жабдықтармен оны енгізудегі өз қызмет түрін ұсынады.

- Басында ешкім бірден жауап бермеді. Алғашында аздаған тапсырыстар болды. Бастысы бұның тиімді әрі үнемді екендігін көрсету болды. Институт қабырғасында жүргенде электр энергиясын жарықтандыруды үнемдеу бойынша тәжірибе жүргізгем, үнемділік 90% болды, - дейді Мәди.


Кәсіпкер өз бизнесінде бәсекелестерінің бар екендігін мойындайды. Ағыбаевтың айтуынша, оның компаниясы өзгелерден құзыреттілігінің тереңдігімен және электр энергиясын үнемдеуде ұсынатын өнімнің кеңдігімен ерекшеленеді. Мәселен, бір бәсекелес тек жарықтандыру бойынша өз өнімін ұсынса, тағы бірі жиілік басқаруды ұсынады. Ал "ГРИНТЭК" ЖШС бұл сұрақ бойынша кешенді қадам жасайды. Мәдидің жақын үш жылда Қазақстанға энегроүнемдеу технологиясын енгізу саласындағы көшбасшыға айналу жоспары бар.


Назад


Курс валют НБ РК
  • USD Доллар США 334.32
  • EUR Евро 392.29
  • CNY Кит. юань 50.53
  • RUB Рос. рубль 5.63
  • GBP Англ. фунт 450.46

Доска объявлений