Экспресс регистрация
Логин:
Пароль:
 
Пол:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Повторите пароль:
Имя:

Barracuda - бокс клубтарының желісі


Barracuda - бокс клубтарының желісі
«Barracuda» боксшылар клубы 2013 жылы Алматыда Мейірбек Жұмабековтың бастамасымен құрылған.

- Мен 1988 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Абай ауылында дүниеге келгем. Үшінші сыныпқа дейін біз осы ауылда тұрдық, кейін 1997 жылы Алматыға көштік. 2005 жылы мектепті тәмамдаған соң әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіне саясаттанушы мамандығы бойынша тапсырдым. Университетті бітірген соң өз ісімді ашсам деген арманда болдым. Магистратурада «менеджмент» мамандығын таңдадым. Магистратурада оқып жүргенде қосымша әкімдікте жұмыс істеп жүрдім, кейін «Нұр Отанда» істедім, - дейді Мейірбек.

Магистратураны тәмамдаған соң Мейірбек жеке компанияға офис-менеджер болып жұмысқа тұрады әрі қысқа мерзім ішінде директор көмекшісіне дейін өседі. Екі жылдай басшылардан тәжірибе алған ол жастық шағын текке өткізбей өз ісін бастауды жөн санайды.

- Бизнесті бастауды соза берсем кейін тіптен қиын болатындығын түсіндім. Отбасылық өмір, несие сияқты мәселелер үрей тудыра түсетіні белгілі. Сонымен 2013 жылы «Barracuda» боксшылар клубын аштым. Ақша мүлдем болмады, есесіне көлігімнің қарызы мен тұтынушылық тауарға деген несием болды. Жалға алған бөлменің ақшасын ай соңында төлеуге келістім. Жұмыс бірден жүрмеді, көлігімді сатып барлық қарыздан құтылуға тура келді. Содан кейін ғана бизнес орнына түсе бастады. Қарыздарым тұсау болған  сияқты, - деп күліп еске алады М. Жұмабеков.

Өзге балалар секілді Мейірбек те балалық шағында бокспен әуестенген, алайда ата-анасы спортпен түбегейлі айналысуына қарсылық білдірген. Олар баласының жарақат алып қалуынан қорыққан. Мейірбек клубты аша салысымен жаттығулар еш жарақатсыз өтпеуі үшін бірінші кезекте қауіпсіздік мәселесіне ден қойған. Барлық ата-ананың қорқынышы жаттығу кезінде баласының жарақат алып қалмауы.

- Ашу барысында бәсекелестерді зерттеу бойынша ешқандай жұмыс жүргізілмеді. Егер оны жүргізсем бұл бизнесті ашпай қалар едім. Егер тағы бір істі ашар болсам, осы мәселеге міндетті түрде көңіл бөлетін боламын, - дейді Мейірбек.

Кәсіпті іске қосу барысына бес ай уақыт кеткен. Бастапқыда ол негізгі жұмысында жүре отырып бизнесін басқарып отырған, кейін клубқа көп көңіл бөлу қажет болған соң жұмыстан шығып кетеді. Алғашқы капитал болмаған, есесіне қарызы мен несиесі болған.

- Бәсекелестер көп. Тікелей бәсекелестер: жекпе-жек клубтары мен спорттық үйірмелер. Егер басқаша қарайтын болсақ біз түнгі клубтар мен сыраханалармен бәсекелесудеміз. Ең бірінші, клубымыз еш жарақатсыз бокстасуды үйрететін орынға айналуын қалаймын. Қалада бокс залдары көп, алайда олар нәтижеге жұмыс істейді. Оларға чемпион болатын спортшылар керек. Боксқа жаңадан келушілерді тәжірибелі боксшылармен әдейі спарингке шығарады, яғни төзімділерін іріктеу үшін, ал қалғандары бокстан мүлдем кетеді. Егер боксқа жаңа қадам басқан баланы әр қадам сайын үйретіп отырса орын алатын түрлі жарақаттардан қашуға болады әрі жаттығамын деушілердің саны да артады», - дейді Мейірбек.

Клубтың мақсатты аудиториясы да әртүрлі:  балалар, жасөспірімдер, ерлер мен әйелдер. Олардың әрқайсысына әртүрлі тәсіл қолданылады. Балаларды подъездге жапсырылған хабарлама бойынша шақырса, жасөспірімдерді әлеуметтік желі арқылы, ересек адамдарды танымал жарнамалық сайттардың көмегімен шақырады.

- Менің бизнесімдегі бастысы – шыдамдылық, клиенттер ақырындап жиналады, алайда олармен жақсылап жұмыс істесең олар көпке дейін сенімен қалады. Әзірге несие алуға ешқандай қажеттілік болған жоқ. Болашақта бизнесті дамыту үшін керек болып қалатын шығар. Екі жыл ішінде біз бес зал аштық, дегенімен үш залды түрлі себептерге байланысты жабуымызға тура келді. Қайткеніменде біз тәжірибе жинақтадық. Жеке спорт клубыңды ашқан кезде жетістікке жетудің бірнеше факторын ескеру қажет: орналасқан жері, жалға алу келісімшартының дұрыс болуы, жақсы жаттықтырушылар, баға белгілеу және жарнаманы. Біздің оқушылар қалалық және республикалық турнирлердің жеңімпазы атанып үлгерді. Екі жыл ішінде біздің клуб арқылы 350 адам өтті. Бізге көптеген ата-аналар сенеді. Қазақстан эстрадасының жұлдыздары да балаларын бірінен соң бірі жаза бастады. Болашақ жоспарымыз қарапайым: клуб желісін арттырып, франшизді елде және шетелге шығару», - дейді Мейірбек.


«Barracuda» бокс клубы жайлы нақтырақ www.udar.kz сайтынан біле аласыздар.


Назад


Курс валют НБ РК
  • USD Доллар США 334.32
  • EUR Евро 392.29
  • CNY Кит. юань 50.53
  • RUB Рос. рубль 5.63
  • GBP Англ. фунт 450.46

Доска объявлений