Экспресс регистрация
Логин:
Пароль:
 
Пол:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Повторите пароль:
Имя:

DiningSmart


DiningSmart
DiningSmart – бұл дұрыс тамақтану мен салауатты өмір салтын насихаттаушы көпвекторлы жоба. Стартап алғаш өз жұмысын 2014 жылы онлайн журнал ретінде бастаған, оның негізін салушылар Жібек пен Алтынай Қарамановалар. Кейіннен ол кафе, мейрамхана және қарапайым жұртшылық үшін қызмет ететін арнаға дейін өсті.

Жібек Қараманова – Алматыдағы ҚазЗУ халықаралық құқық факультетін тамамдаған, Болашақ бағдарламасы бойынша Мэри Ханшайым университетінің магистранты және Lehigh University бизнес бағдарламасының заңгері, халықаралық арбитр әрі композитор. Алтынай Қараманова – қаржыгер, ірі банкте тәуекел менеджер, КИМЭП түлегі, Cass Business School City University  мен Lehigh University бизнес бағдарламасының магистрі.

- Көптеген мамандар, арықтау жөнінде адамдар жүгінсе болды калория мөлшерін санауды үйрете бастайды. Бұл өте тиімді тәсіл, дегенімен адамдардың басым көпшілігі дәмді бірдеңені жемес бұрын оның калориясы жайлы ойлауға шыдамы жетпейді. Міне, осы мақсат бойынша біздің жоба пайда болды. Оның баламасы Қазақстанда, тіптен ТМД жоқ, - дейді Жібек.

Олар, DiningSmart өз денсаулығына немқұрайлылықпен қарамайтын барлық адамдар үшін жаһандық тұрғыда бағалы ақпарат беру көзіне айналса деп армандайды. DiningSmart негізгі қызеттерінің бірі нақты бір мекемедегі бір тағамның энергетикалық құндылығын есептеу.  Мәзірдегі тағамның рецепті негізінде DiningSmart компаниясының мамандары кКал, ақуыз, майлылық, көмірсулар, дәрумен мен микроэлементтер мөлшерін есептейді. Ал DiningSmart қызмет түрін пайдаланатын мекемелер әлеуметтік-жауапты мекеме Клубына бірігеді. Яғни, клиенттер, қоғам алдында ашықтық маңызды деп санайды. Ал, DiningSmart клиенттері болса әрқашанда не жеп отырғанын және не үшін төлеп отырғанын біледі. Оған қоса, Клуб мүшелері әлеуметтік желілер арқылы жарнама жасап, тұлғалар табуға көмектеседі, - дейді Жібек.

Осы тақырып бойынша қызықты ақпарат. Ұлыбритания және АҚШ-тың  Йорк пен Калифорния штаттарының заңнамасы мекемелерді әр тағам мен сусындағы килокалория мөлшерін көрсетуін міндеттеп отыр. Ресейде мұндай құрылым заңнамалық деңгейде жұмыс істейді, дегенімен қабылдау белсенділігі әлі енбеген. Оның үстіне тағам құрамы өте маңызды, өйткені дұрыс тамақтану – ұзақ жасаудың кепілі. Сондықтан мұндай мәселені Қазақстанда да заңнамалық деңгейде қараған жөн.


2014 жылдың 9 желтоқсанында DiningSmart «Тамақтану мен денсаулық» атты алғашқы диалогты форумын ұйымдастырған. С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ мен Қазақ тамақтану академиясы қолдау көрсеткен жиынға 1000 аса адам жиналған. Танымал дәрігерлер, рестораторлар, фермерлер, ғалымдар, диетологтар, мемлекеттік және жеке құрылым өкілдері сөз сөйледі. 2015 жылдың қыркүйек айында Астана қаласында шағын-форум өткізу жоспарланып отыр.

DiningSmart қосымша қызмет түріне – дұрыс тамақтану бойынша кеңес беру, азық-түлік маркировкасы және т.б. кіреді.

Жақында DiningSmart сауда маркасы ретінде тіркелген, сондықтан дәл қазір жобаны құрушылар франшиз бойынша кеңеюді жоспарлап отыр әрі инвесторларды серіктестікке тартуда.


Назад


Курс валют НБ РК
  • USD Доллар США 335.05
  • EUR Евро 395.12
  • CNY Кит. юань 50.64
  • RUB Рос. рубль 5.66
  • GBP Англ. фунт 447.79

Доска объявлений