Экспресс регистрация
Логин:
Пароль:
 
Пол:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Повторите пароль:
Имя:

Тапсырысқа аяқ киім


Ерлан Темержанов Павлодар қаласында дүниеге келген. Павлодар мектептерінің бірінде алтыншы сыныпты аяқтаған тұста отбасымен бірге 1994 жылы Алматыға көшіп келеді.

Мектепті тәмамдаған соң Ерлан иформатика жоғары колледжіне тапсырады. Алайда программист оның бағыты емес екендігін бірден түсінеді, сөйтіп бірінші курсты аяқтаған соң колледжден кетеді. Сол жылы ол «Сымбат» сән академиясының «киім технологы» мамандығына тапсырады. Темержанов өзінің іздегені осы екенін түсінеді. Оқу барысында бірдеңе құрастырып өзін және өзгелерді таңқалдырғысы келеді. Ескі джинсылардан рюкзак,  теріден тігілген плащтардан сөмке мен амиандар жасайды. Сабақты жақсы оқиды. Мамандығына байланысты пәннің барлығын үздік тамамдайды.

- Үшінші курсқа келгенде «Сымбаттың» киімдердің бұхаралық өнім бөліміне ерлер киім тігіншісі болып жұмысқа орналастым. Ол жерде көп істемедім. Біраз уақыт өткен соң мені перделер салонына дизайнер ретінде жұмыс істеуге шақырды. Ол жерде де узақ уақыт жүрмедім, өзіме жақын жұмыс іздеу үстінде болдым. Бір жыл өткен соң дипломымды қолға алған кезде туыстарым жекелей киім тігетін шеберхана ашуыма көмектесті. Онымен бірнеше жыл жұмыс істедім әрі өте табысты болды. Тәжірибе жинақтап, клиенттер базасын қалыптастыра білдім. Одан кейін бірге оқыған курстастарыммен бірге шеберханадан цехха дейін кеңейдік. Алайда, бұл өзгерістер жақсы нәтиже әкелмеді, сондықтан біраз уақытқа жұмысты тоқтатуға тура келді, - дейді Ерлан.

Үш жылдай цехтағы жабдықтар көлік қоятын гаражда тұрып қалды. Бұл кезеңде Ерлан басқа салада жұмыс істейді. Гаражға кірген кезде өз станоктарына қарап, олардың иісін сезіне түседі әрі көп ұзамай олардың жұмыс істей бастайтынын түсінеді. 2010 жылы ол табиғи былғарының ерекшелігін меңгере бастайды, яғни шикізаттан дайын өнімге дейінгі өңдеу әдісін. Біраз тәжірибе жинақтап көреді, дегенімен ештеңе өнбейді. Содан дайын теріні алып аяқ киім тігемін деп шешеді. Ол үшін гаражда тұрып қалған станоктарды терімен жұмыс істеуге қажетті жабдықтарға ауыстырады. Материал әкеліп іске кірісіп кетеді.

- Алматыда «Сән академиясынан» өзге көптеген оқу орындары киім технологтарын әзірлеп шығарады. Тігіншілер күн санап көбейе түсуде, яғни болашақта бәсекеден қашып құтылу мүмкін емес еді. Әрқашан сұранысқа ие болу үшін мен тері ісін меңгере бастадым. Теріден не керектің барлығын жасауға болады, бұл материал біраз өңдеу жұмыстарынан кейін кез келген пішінге ене береді. Бұл дегеніңіз фантазияға ешқандай кедергі жоқ дегенді білдіреді. Бұл істі мен жақсы көремін, оның үстіне ол табыс әкеледі. Бұл көптеген адамның арманы, - дейді Ерлан.


Ол бұл істің мән-жайын бағдарлау барысында нарықтағы сұраныс пен бәсекелестікті де меңгереді. Бастапқыда ешқандай жоспар болмады, ол қажетті жабдық пен материалды алып жұмыс істей берді. Өз өнімін әлеуметтік желі арқылы таратса, ұзынқұлақ та қосымша қызмет атқарып отырды.

- Менің тікелей бәсекелестерім жоқ. Әрбір шебер бір-бірнен ерекшеленіп тұрады. Мәселен, мен жоғары технологиялық білімі бар шеберлер қатарына жатамын, және әрбір бұйым арнайы жабдықта өңделеді. Бұл жерде өзінің шеберлігі бар. Кейбіреулері қолмен тігеді, кейбірі жұмысқа арналған жабдықта тігеді, - дейді ол.
Оның клиенттік базасы сапалы жұмысының арқасында жинақталған. Кейінен ол «Өз бизнесіңді құр» атты байқау  жайлы естиді және өтінім береді. Үміткерлер қатары көп болған. Дегенімен қазылар Ерланның жобасын лайықты деп тапқан.

- Бұл қазіргі уақыттағы менің ең маңызды жетістігім. Ол өндіріске қажетті қымбат тұратын жабдықты алуыма мүмкіндік берді, -дейді Ерлан.

Ол шетелге барып қажетті жабдық пен материалдарды алып келді. Бір ай көлемінде жеткізіп беруі керек. Бұл қазақстандық аяқ киім бренді мен аксессуарларын жаңа деңгейге шығаруға жағдай жасайды.


Назад


Курс валют НБ РК
  • USD Доллар США 334.32
  • EUR Евро 392.29
  • CNY Кит. юань 50.53
  • RUB Рос. рубль 5.63
  • GBP Англ. фунт 450.46

Доска объявлений