Экспресс регистрация
Логин:
Пароль:
 
Пол:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Повторите пароль:
Имя:

Шексіз қиял


Эльвира Оспанбаева өз бизнесін осыдан 10 жыл бұрын қала орталығындағы шағын гүл бутигінен бастаған. Тойлардың флористикалық безендіруімен айналысу шешімі өздігінен келген. Жұмыс істегеннен бастап Эльвира флористикаға қарағанда анағұрлым терең бағыттағы той декоры студиясын дамыта бастайды. Алғашқы тәжірибені өзінің қызы Диананың ұзатылу тойы кезінде жинақтайды. Сол  кезде той декорының дизайнын жасаумен айналысу ойы келеді. Содан бастап Эльвираның компаниясы нарықта BEZE деген атаумен жұмыс істей бастайды.

- Студияның қазіргі айналысып отырғаны біздің арманымыз еді, өйткені біздің жұмыста шек жоқ, біз тек өз қиялымызбен ғана шектелеміз. Біз алғаш BEZE компаниясы ретінде жұмыс істей бастағанда Алматыда ивент-декор мен ивент-дизайн бағыты енді ғана бой көтеріп келе жатқан. Мәселен батыста, АҚШ-та бұл бүтін бір индустрия, дегенімен бұл құбылыс біздің нарыққа жақында ғана келе бастады. Соңғы екі жылда қарқынды даму байқалады, іс-шараларды безендіру бойынша қызмет көрсететін көптеген компаниялар ашылды, - дейді Эльвира.

Beze Decor компаниясының негізін салушы – білімі бойынша заңгер, көптеген уақыт өз мамандығы бойынша қызмет еткен. Отбасылық бизнеске барлығы атсалысуда – кіші қызы Диана компанияның арт-директоры болып табылады, үлкен қызы Рената дамыту мен PR бойынша жұмыс істейді. Отағасы Тимур Оспанбаев компанияға техникалық қолдау көресетеді.

Компанияны дамыту үшін қомақты ақша жұмсалған. Мәселен, көптеген мөлшерде әртүрлі декор бұйымдарын сатып алған. Эльвира нарықта өз бағытыңды анықтау қиын болғанын алға тартады, негізгі позициялар флористикалық компанияларға толы болған, яғни көптеген жылдардан бері шараларды ұйымдастырушылармен ынтымақтастықта болып, ірі клиенттерге қызмет көрсетіп келген. Сондықтан төмен бағада салтанатты шараларды безендіруге тура келген, оның барлығы адамдарға BezeDecor мүмкіндіктерін көрсету үшін жасалған.

- Біздің ойымызша қазір бәсекелестеріміз жоқ деп санаймыз. Бұл өзімізді үздік санағаннан емес, осы индустрияда барлығына орын табылатындықтан. Мұнда өтке көп бағыт бар, әр безендіруші өзіне керегін табады. BEZE төрт жыл жұмысы барысында біз бірде бір безендіруді қайталап көрмедік. Жұмысқа тек сапалы материалдар мен текстильді пайдаланамыз. Біздің студия әр шараға жекеше мән беріп, дизайнды аяғына дейін жасап шығады, әр бұйымға мән береді одан тамаша декор шығады. Бізде декордың кең көлемді базасы қалыптасқан әрі оны ұдайы кеңітіп отырамыз. Тіптен бұл декор бұйымдарын өз әріптестерімізге жалға да береміз, - дейді Эльвира.

BEZE өз клиенттер базасын әлі күнге дейін кеңейтуде, үнемі жетілу үстінде болады, оны клиенттер көріп әрі бағалап отыр.

- Айтып өткенімдей, біз жеткен жетістігімізбен тоқтап қалмаймыз. Біз декор студиясы ретінде өсудеміз әрі біздің арманымызда өсу үстінде. Осы жылы бізде маңызды оқиға орын алып отыр:  біз әйтеу дегенде жаңа жобаны іске қостық – BEZE masters дизайнының – алғашқы ивент мектебі. Бұған өзіміздің жиған тәжірибеміз итермеледі: біз білікті мамандардың жетіспеушілігін байқадық, дизайнерлерімізді оқыту үшін бірнеше ай жұмсадық. Қазіргі таңда жалпы білім беру мен арнайыландырылған оқу орындарының бірде біреуі бұл дизайн бағытында оқытпайды. Дегенімен декордың осы түрінің өзектілігі өсіп келеді, ивент-агенттіктер мен студиялар күн санап ашылуда. Біздің мектепте дайын кадрларды әзірлеп шығарамыз. Біздің түлектер тек жалдамалы қызметкер ғана емес, өз бизнесін ашып алатын жағдайда болады. Оларды тек дизайн жағынан емес, бизнес, этика және тағы басқа маңызды жұмыстар бойынша оқытамыз», -дейді Эльвира.


Назад


Курс валют НБ РК
  • USD Доллар США 334.32
  • EUR Евро 392.29
  • CNY Кит. юань 50.53
  • RUB Рос. рубль 5.63
  • GBP Англ. фунт 450.46

Доска объявлений