Экспресс регистрация
Логин:
Пароль:
 
Пол:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Повторите пароль:
Имя:

Ғалия Хамитова: «Бизнестің тиімді әрі өнімді бола түсуіне көмектескім келеді»


Ғалия Хамитова: «Бизнестің тиімді әрі өнімді бола түсуіне көмектескім келеді»
Ғалия Хамитова – Erickson College International (Канада) аға жаттықтырушысы, Erickson International-дың Орталық Азия мен Кавказдағы өкілдігінің президенті, Step&Grow компаниясының Бас директоры. Оның бизнесінің дамуы Қазақстанда алғаш коучингтің пайда болуымен байланысты.

Ерекше балалық шақ

Мен Алматыда дүниеге келдім, балалық шағымның жартысы Ресейде, Қазанда өтті. Балалық шағым өте ерекше әрі қызықты болды. Отбасымызбен хайуанаттар бағында тұрғанымыздың өзі бір ерекше жайт. Ол кезде әкем сол жерде басшылық қызметте еді. Бұл көңілді де, қызыққа толы жылдар болатын.

Әлі есімде, әкем менің мектебімдегі оқушыларға хайуанаттар бағына жиі-жиі экскурсия ұйымдастырып тұратын. Оған қоса, бізбен бір үйде тұрған суретші әйелді де әлі еске алып отырамын. Ол көбелек, талдардың және жануарлардың суретін салатын. Мен онымен бірге уақыт өткізуіп, сурет салғанды ұнатушы едім. Менде әрдайым шығармашылыққа деген ыждахаттылық болатын.

Банктік қызметтен жаттықтырушыға дейін

Мектепте жүргенде психолог немесе милиционер болуды армандаушы едім, алайда Нархозға (Рысқұлов атындағы ҚазЭУ) тапсырдым. Бюджеттік бөлімде оқимын деп өзім үшін бірден шешім шығардым. Байқау өте тартысты болды, дегенімен маған грантты ұтып алу бұйырды. Ішкі сезімім алға қойған мақсатыма жететіндігімді білдіргендей болды. Ол әрдайым маған көмектесіп отырады.

Университетті бітірген соң бірден банкке жұмысқа тұрдым, ол жерде төрт жылдай қызмет еттім. Одан кейін маркетинг пен пиар саласын меңгеруді қаладым. Агенттікте PR-менеджер болып және сыра зауытында трейд-маркетолог жұмысын атқардым. Кейіннен Kcell компаниясының корпоративтік жаттықтырушысы болдым. Дәл осы тәжірибем өз ісімді ашуға итермелеп, балалық арманымды орындауға бір табан жақындатты. Бұл жерде маған алдыңғы жұмыста алған дағдыларымның пайдасы тиді.

Старт және бизнесті дамыту

2007-2008 жылдары Қазақстанда коучинг енді ғана жандана бастаған кезі. Осы тұста Step&Grow компаниясы нарықты қалыптастырды. Бір жағынан ешқандай бәсекелес болмады, екіншіден барлығын басынан бастап турғызуға тура келді. Өте қиын әрі қызықты болды. Біз көп күш жұмсадық. Маған әрдайым өздігінен даму ұнайтын. Бала кезімнен психологиямен әуестендім, адамдар мен олардың санасы маған қызық еді. Мен көп оқыдым. Мәселен, Эрик Берн мен дейл Карнегиді. Менің бизнесім өз әуестігіме негізделген, сондықтан да осы бағытты дамуытуды жалғастырудамын.

Алғаш компания жұмысын дамытуды бастаған кезде Ресейден жаттықтырушыларды шақырдық, яғни «Транформациялық коучингтің ғылымы мен өнері» бағдарламасын жүргізу үшін. Ол кезде тек сертификатталған жаттықтырушылар ғана оқытатын. Қазір бәрі өзгерді, мені осы бағдарламаны жүргізу үшін Ресейге, Грузияға жиі шақырады. Егер Орталық Азия бойынша қарайтын болсақ тек біздің компания ғана коучтарды сертификаттауға қақысы бар.

Біз өз саламыздың көшбасшысына айналдық. Нақты дерек бойынша айтар болсақ, біздің компания ғана халықаралық стандарт бойынша оқытып, кәсіби сертификат бере алады. Бәсекелес болып жүргендер біздің бұрынғы қызметкерлеріміз. Әр жыл сайын жаңы жобаларды іске асырамыз. Жаттықтырушыларды Канада, АҚШ шақырамыз. Алматы, Астана және Тбилисиде тұрақты негізде коучтарды оқытамыз. Инвесторлардың ақшасын баяғыда қайтарғанбыз, енді штатты кеңейтіп, жаңа серіктерді тартудамыз.


Назад


Курс валют НБ РК
  • USD Доллар США 335.05
  • EUR Евро 395.12
  • CNY Кит. юань 50.64
  • RUB Рос. рубль 5.66
  • GBP Англ. фунт 447.79

Доска объявлений