Экспресс регистрация
Логин:
Пароль:
 
Пол:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Повторите пароль:
Имя:

Кәсіби кеңесші


Кез-келген офисте жұмыс істейтін қызметкерге уақыт өте келе өз ісін ашасам деген ой келеді, алайда сол тұрғыда армандаумен жүре береді. Неліктен олай болады? Осы сұрақ төңірегінде  HR мен сервисті дамыту саласының кеңесшісі, LevelUP Group компаниясының негізін салушы  Алмагүл Ержанова әңгіме қозғап, қалайша кәсіпкер атанғанын айтты. Оның айтуынша, кәсіпорын ашу – бұл коньки тебуді үйрену сияқты. Алғашында адам сенімсіз қадамдар жасайды, тіптен құлауы да мүмкін. Содан кейін ғана өзгеріс сәті туындайды: беріктік пайда болып, жаңа жағымды жайттарды сезіне бастайды.

- Бала кезден ширақ болдым, сонымен де өз құрбыларымнан ерекшеленіп тұратынмын. Әкеммен бірге көп саяхаттадым, ол Қазақстан бойынша және тысқары жерлерде ревизор болып жұмыс істейтін. Тіптен әр мемлекетте бірнеше мектеп ауыстырдым. Ата-анамыз бізді кішкентайымыздан тәуелсіз етіп тәрбиеледі. Он жасымнан бастап ұшақта жалғыз, кейде ініммен бірге ұша беретінмін, - деп еске алады кәсіпкер.

Алмагүл өз ісін ашқанға дейін ұзақ жол жүрді. Бір кездері офисте жұмыс атқарды, ол жердегі белсенді қызмет түрі оны қызықтыратын. Тіптен, 13 жыл Kcell қызмет еткен кезі де болды, оның 5 жылдай уақытын Customer service и experience management тұлғаларды дамыту мен оқыту саласына арнаған. Бұл бағыт компанияға сатып алушыларға тиімді қызмет көрсету мен сервисті жақсарта түсу жағынан көмектеседі. Бұл жұмыс ірі корпорация үшін тамаша кәсіби мектеп болды. Осылайша тәжірибесі толыса түсіп, жыл өткен сайын HR консультациялық және сервисті дамыту бойынша өз бизнесін ашу ойы мазалай берді.

- Үш-төрт жыл бұрын көптеген әріптестерім «Неге өз ісіңді ашып алмайсың?» деп сұрай бастады. «Осы бағытта сенің тәжірибең мол, егер оны  пайдаланбасаң бәрі бекер» деп маған көмекпен жүгініп жатты. Мен компанияларға бизнес процестер ұйымдастырып, коучинг-сессия, көшбасшылық қасиетті дамыту бойынша тренингтер өткізуге көмектестім. Осылайша ақырындап кеңес беру қызметтерін көрсете бастадым, - дейді Алмагүл.

Міне, достарына көрсеткен консультациялық көмектен өз бизнесіне дейін екі жыл өткен.

- 2013 жылы мен өзіме не керек екенін нақты түсіне бастадым, яғни келесі қадамға дайын болдым: өз бетіммен ақшаға кеңес беруді. Жобаны бастау барысына достарым көмектесті. Миымызды қозғай отырып компанияның атауы мен мақсатын ойлап тауып, өз арамызда бағытын бөліп алдық. Біреу нарық пен бәсекелестерге талдау жасауды өз мойнына алса, тағы біріне ұйымдастырушылық сұрақтары, енді біріне кадр бойынша мәселелер артылды. Осылайша іске кірістік, - дейді ол.

Кәсіпкер алғашқы капитал жеке өзінікі болғандығын, ешқандай қарызға ақша алмағандығын айтады. Тіптен алғашқы клиентті де еш жарнамасыз өздері тапқан.

- Біздің компания алғашқы келісімді «Газпромнефть» пен «Ромир» холдингімен жасасты. Біз оларға «Құпия сатып алушы» қызметін тағайындадық. Олармен үш жылға жуық жұмыс істедік, бұл біз үшін керемет тәжірибе болды. Осындай алпауыт мекемелермен жұмыс істеп, көптеген нәрсе үйреніп шыққаныма қуанамын, - дейді Ержанова.


Кәсіпкер, әр клиент алтынға тең болғандығын айтады. Есесіне фирма қазір фармацевтикалық компаниялармен, мұнайгаз саласымен, ірі және орта бизнеспен жұмыс істеуде.

-    Халықаралық компаниялар да бізге жүгініп жатады, бұл дегеніңіз услуги  LevelUP Group көрсететін қызмет түрі жоғары деңгейде дегенді білдіреді. Жақсы кеңесші қашанда сұранысқа ие. Сіз клиент риза болу үшін және бизнестің дамуына барлығына жасауыңыз керек, - дейді Алмагүл.


Назад


Курс валют НБ РК
  • USD Доллар США 334.32
  • EUR Евро 392.29
  • CNY Кит. юань 50.53
  • RUB Рос. рубль 5.63
  • GBP Англ. фунт 450.46

Доска объявлений