Экспресс регистрация
Логин:
Пароль:
 
Пол:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Повторите пароль:
Имя:

Қалықтаушы адамдардың фотосуретшісі


Қалықтаушы адамдардың фотосуретшісі
Шығармашылыққа негізделген бизнес ашу үшін, алдымен өзіңізге бірнеше сұраққа жауап беріп көріңіз. Олардың бастысы – мен кіммін? Айналамда мен сияқтылар көп пе? Қай еңбегім үшін клиент мені таңдайды? Мен немен кереметпін? Жауаптарыңыз қызықты бола түскен сайын, табысты бола түсуіңізге де мүмкіндік зор.

Наталья Фаворская «Мен кіммін?» деген сұраққа былай жауап қатады: Қалықтаушы адамдардың фотосуретшісі.
Наталья – керемет туындыларды жасайтын әйелдердің бірі деп сенімді айтуға болады. Оның бизнесі – фотография. Алайда бұл сәтті ракурста шыққан суреттер емес, нағыз өнер туындысы. Оны Наталья ерекше фотосурет миксінің, кескіндеудің көмегімен жасайды.

Фотосуретшінің айтуынша, бизнеске айналған оның бұл әуестілігі көп жылдар бойы дизайнерлік жұмыс пен түрлі БАҚ-та арт-директор болып қызмет етуі түрткі болған.

- Коллаждар, имидждік бейне, фотокартиналар мен үшін жаңашылыдық болды. Оған итермелеген көп жылдар бойы дизайнда атқарған еңбегім, басылымдардағы фотосуреттерді өңдеу тәжірибем. Қолмен сурет салу ілімі де көмек болды. Ең бастысы – шабыт пен фантазия. Фотосуретке жақында келдім, бір жарым жылдай боп қалды. Фотоға түсіру мәселесі тек техникалық сипат қана. Ол жағынан көбінде күйеуім көмектеседі, ол танымал қазақстандық фотограф Максим Золотухин, - дейді Наталья.

Суретші өзін әліде ерекше бизнесінің бастауындамын деп санайды.

- Шығармашылық негізде кәсіпкер атанудың шешімін көптеген адамдар іздеуде. Кез-келген адамдының арманы өзінің сүйікті ісмен айналысу және сол үшін ақша табу. Егер адам шығармашылықпен ақша табам деп шешсе, ол сату бойынша мамандардың тәжірибесінен бас тартпауы керек. Көбінде суретшілердің бастапқы қаржысы бола бермейді. Оларда бар нәрсе, ол дарын мен сурет салсам деген үлкен ықылас қана. Өз шығармашылығыңды жүргізу үшін, алдымен жұмысыңды әлемге көрсетуден бастаған жөн. Ол үшін әлеуметтік желіден асатын ештеңе жоқ. Егер сіз дұрыс жолда болсаңыз, сізді бірден аңғарады. Көрермендерді бағаламауға болмайды. «Мені түсінбейді, олар менің шығармашылығыма дейін өспеді» деудің еш қажеті жоқ. Жұмысыңызға басылған әр лайк сіздің сатып алушыңызбен жасалуы мүмкін, - дейді Наталья.

Сонымен қатар ол, бәсекелестерге қатысты ой қозғағанда қазір әркімнің бәсекелесі бар екендігін немесе міндетті түрде болатындығын жеткізді.

- Қазіргі менің бәсекелестерім – бұл дизайнерлер, суретшілер мен фотографтар. Егер клиенттер оларға емес маған кеп жатса, онда менің озық тұрғандығым. Бұл олардан ерекшеленіп тұрам дегенді көрсетеді. Немен? Барлығымен. Креативтілік, жылдамдық, қарапайым әңгімелесу, бәріне жағуға деген құлшынысым. Менің басты қатерім – пасықтыққа жол бермеу, - дейді ол.


Назад


Курс валют НБ РК
  • USD Доллар США 334.32
  • EUR Евро 392.29
  • CNY Кит. юань 50.53
  • RUB Рос. рубль 5.63
  • GBP Англ. фунт 450.46

Доска объявлений