Әдемі бизнес


Әдемі бизнес
Ирина Хабер өзінің алғашқы ісін 2003 жылдары Қарағандыда ұйымдастырған. Жеке кәсіпкер патенті бизнес әлеміне жасалған алғашқы қадам болған, қазіргі күні бұл танымал кәсіби визажист мектебі мен сән индустриясына арналған интернет-порталды біріктіріп отыр.

- Мен бірінші сыныптан бастап жалпы метеп пен қоса көркем метепке де барып жүрдім. Бізде мықты оқытушылармен қатар сабақ та ауыр болды. Сондықтан мен бала кезден бірнеше істі қатар алып жүруге үйренгем, -деп еске алады Ирина.


2005 жылы Ирина отбасымен бірге Алматыға көшіп келген. Жаңа ортадағы кәсіби қызметін банктен бастаған. ҚарМУ алған экономист дипломы шаруасына жараған. Алты жылдық еңбегі барысында хатшылықтан шағын бизнес департаментіндегі сарапшылық пен маркетинг бойынша маманға дейін өскен. Жаңа бизнес өнімді таныстыру мен жүргізумен айналысқан. Иринаның айтуынша, жаңашылдықты білу мен кәсіби өсу өте қызықты. Бұл іспен қатар ол бала кездегі арманы визажист мамандығын да меңгере білген. Кейіннен визаж курстарында оқытушылық қызметін атқарған.

-    Бұл менің хоббиім еді. Визажист кәсібін үйренгісі келетіндер үшін айлық курстарды да ұйымдастырдым. Біздің метктептің ерекшеліктері, біз кемшіліктерді жасырып, жақсы жағын көрсетуді үйретеміз. Клиентті қалай тыңдау керектігін және оның алдында өз кәсіби мүмкіндігіңді білдіртпеге үйретеміз. Біз бет әлпетке гүлдер суретін салмаймыз, алайда ол қолымыздан келеді, біз ыңғайландырылған сапалы макияж жасаймыз. Мен көбінде кешкілік уақытта оқытушылықпен айналыстым, яғни банткегі негізгі жұмыспен қатар. Жұмыс, курс пен отбасы арасында шапқылаумен болдым. Басында айтып кеткенімдей  мен басқаша өмір сүре алмаймын. Тыныш өмір мен үшін емес, - дейді Ирина.

Уақыт өте келе Ирина кешкілік курсқа қатысатындар жұмыстан шаршап келгендіктен материалда нашар қабылдайтындығын түсінеді. Дәл осы жағдай оны кәсіби визажист мектебін ашуға итермелейді. Ол үшін Ирина банктегі табысты жұмысын тастап, біржолата курсқа бет бұрады. Осылайша сабақты күндіз өткізуге мүмкіндік туады.

- Мен ұйымдастырған мектепті 120 адам тәмамдап үлгерді. Көп жағдайда менен сіздер бәсекелес емессіңдерма деп сұрап жатады. Бұл тұрғыда айтатыным, біз бір-бірімізді серіктес санаймыз. Біз әрдайым кездесіп, тәжірибемізбен бөлісіп, Қазақстандағы және шетелдегі біліктілікті арттыру курстарына қатысып тұрамыз. Кәсіби визажист болу үшін мол тәжірибе керек. Өйткені әр адам өзінше керемет, оларға жекелей баппен қарау керек. Бұл жерде көшіре салу жарамайды. Бұл қол өнердегі даму үрдісі шексіз. Айта кетерлік жайт, әр маманға өз клиенті табылады, - дейді Ирина.

Ирина үшін келесі кезең кәсіби визажистер үшін портал жасау идеясы болды. Оның басты мақсаты – визажист қызметін жүргізу мен сән индустриясына қызығушылық танытқандарға ақпараттық көмек беру. BeautyLOOK құруға оның банкте алған тәжірибесі септігін тигізген. Иринаның ойынша, қазіргі уақытта порталды жүргізу жұмысы кенжелеп тұрғандай.


Назад


Курс валют НБ РК
  • USD Доллар США 369.98
  • EUR Евро 428.7
  • CNY Кит. юань 53.48
  • RUB Рос. рубль 5.64
  • GBP Англ. фунт 486.49

-->