Экспресс регистрация
Логин:
Пароль:
 
Пол:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Повторите пароль:
Имя:

Кәсіби маман


Кәсіби маман
Адам мамандықты таңдаған соң өмірінің басым бөлігін соған арнайды. Көптеген адамдар жұмысты кәсіби жағынан қарайды.

Өз ісін адамдар бірден таңдайды, кейде оған көптеген қиындықтармен жетеді. Осыдан төрт жыл бұрын ревматолог-дәрігер Сара Дүсіпова өзінің жеке медициналық орталығы болат деп мүлдем ойламаған.


1994 жылы күйеуімен Ақтөбеден Ақтауға келген Сара Шажайқызы облыстық дәріханаға ревматолог-дәрігер болып орналасады, кейін мәнсап жолымен бөлімше орынбасарлығына дейін өскен. Өмірге балалар келген соң Сара емханадан поликлиникаға ауысады, яғни түнгі смені жоқ ығайлы кестеге барады.


2011 жылы Сара Дүсіпова жарынан айырылады. Қайғырған әйелдің өмірі біржолата күйрегендей болады. Алайда оны балалары құтқарып, демеу болады.

– Менің бес қызым, бес гүлім бар, олар үшін қайта өмір сүруге тура келеді. Үлкен қызым Қарагөз ол уақытта университетте оқып жүрген, екінші Мөлдір  7 сыныпта еді. Іңкар мен Меруерт балабақшаға баратын, кенже қызым Ақеркеге жарты жыл болған еді. Мен поликлиникадағы дәрігердің жалақысымен оларды асырап, жақсы білім алуға жағдай жасай алмайтындығымды түсіндім. Сондықтан өз ісімді ашуға бел будым. Ол уақыт өте келе отбасылық бизнеске айналды,  – деп еске алады Сара Дүсіпова.

Бастапқыда ол медициналық кабинет ашады, онда ревматолог-дәрігер қабылдауын жүргізеді. Кейін 2012 жылдың мамырында «Ақерке» медициналық орталығы өз есігін айқара ашады. Сара Жажайқызын мемлекет қолдады. Оның бизнес жоспары «Даму» кәсіпкерлікті қолдау Қорымен мақұлданып, екінші деңгейлі «Темір банк» АҚ жылдық 14% мөлшерлемеде несиеге қол жеткізеді, оның 7 мемлекет субсидиялайды. Осы жылдың мамыр айында «Ақерке» медицина орталығына үш жыл толды. Жалпы кәсіби клиника нарықта өзінің медициналық қызметін жұртшылыққа жан-жақты көрсетуде. Қазіргі күні мұнда 40 маман жұмыс істеуде, оның ішінде хирургтар, офтальмолог, невропатолог, травматолог, педиатр, гастроэнтеролог, аллерголог, гинекологтар мен урологтар, оған қоса УЗИ кабинеті де жұмыс істеуде. Зертхана, физиокабинет пен 7 орынды күндізгі стационар да іске қосылған. Сонымен қатар, «Ақерке» клиникасы өз науқастарына батыс аймаққа жаңадан енген озонотерапия, криотерапия мен стрессотерапия қызметін де көрсетуде.

Сара Шажайқызы, басшы әрі кәсіби маман ретінде өз қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға баса  назар аударады. Осы жылы екі қызметкер Алматыда біліктілікті арттыру курсынан өткен, тағы екі два невропатолог Санкт-Петербург қаласынан, озонотерапевт-дәрігер Нижни Новгород қаласында курстан өткен.

– Дәрігер, дұрыс ем қабылдау курсын тағайындаумен қатар, өзінің сенімді әрі байсалды әңгімесімен науқастың емделіп кететініне сенім ұялатуы керек. Сол кезде науқас өзін емдеп жатқан дәрігердің сөзіне ере отырып, яғни оның білімі мен кәсібилігін арқаланып өз ағзасындағы ішкі күшті сауығып кетуге жұмсайды. Мұның барлығы менің ойымша кәсібиліктің нышаны, – дейді дәрігер.


Назад


Курс валют НБ РК
  • USD Доллар США 318.99
  • EUR Евро 393.7
  • CNY Кит. юань 50.28
  • RUB Рос. рубль 5.62
  • GBP Англ. фунт 446.81

Доска объявлений