Экспресс регистрация
Логин:
Пароль:
 
Пол:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Повторите пароль:
Имя:

Сандық шебері


Сандық шебері
Шымкентте Мақсат Сәрсембаев атты ерекше шебер тұрады. Ол қазақы нақыштағы дәстүрлі сандықшалардың 10 түрін жасайды әрі оларды сату орындарына өзі жеткізіп береді. Айта кетерлігі ол мүгедектер арбасына тоғытылса да барлық жұмысты  өзі атқарады.

- Менің әкем мықты шебер болатын. Бұл біздің отбасылық дәстүр. Жастайымнан мен де ағаштан түрлі бұйымдар жасайтынмын, әкемнің шеберханасынан шықпайтынмын десемде болады. Құралдарымен жұмыс істегеніме ол ешқашан тиым салған емес, - дейді Мақсат.

Мектеп бітірген соң ол Алматы индустриальды-педагогикалық университетіне тапсырады. Дизайнер болғысы келеді, алайда оны әскер қатарына шақырады. Мақсат жедел әскери қызметін өткеру үшін Павлодардағы ішкі әскерге бөліміне аттанады. Әскерден оралысымен Астанаға жұмыс істеуге кетеді. Құрылысы қарқынды жүріп жатқан жас Астана кейіпкеріміздің көңілінен шығады. Ол жұмыс істеп, оқуын сырттай жалғастыруға бел буады. Алайда орын алған қайғылы жайт оның жоспарын мүлдемге өзгертеді.

Астана күнін тойлау үшін Мақсат достарымен бірге Бұрабайға аттанады. Батутта секіру барысында омыртқасын зақымдап алады. Өкінішке қарай ұзақ мерзімді емдеу еш нәтиже әкелмеді, солайша Мақсатқа бірінші топтағы мүгедектік тағайындалды.

– Бастапқы кезең өте ауыр, кейінне үйренісе бастайсың. Өзімді бірдеңемен алдарқату үшін түрлі сандықтар макетін сала бастадым. Уақыт өте келе оданда зорғысын істегім келді. Әкеммен ақылдасып, бірдеңемен айналысқым келетінін айттым, ол мені бірден қолдады. Екеуіміз бірге «Даму» Қорының қалалық филиалына бардық, ол жерде кеңесші «Қазкоммерцбанкпен» біріккен мүгедек жандарға арналған «Жұлдыздарға қара» байқауының өтетінін айтты. Қор қызметкері бизнес жоспар әзірлеуге көмектесті, кейіннен ол сәттілікке жеткізді. Маған 200 000 теңге сомасындағы құралды табыстады. Мен ағаштан бұйымдар жасайтын цех ашуды жоспарладым. Жалға нысан қарап көріп, иесімен келістім. Алайда жұмыс басталысымен құралдардың әліде жеткіліксіз екендігі байқалды.

Осылайша Мақсат «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасына қатысуға құжат тапсырады. Мемлекеттік қолдаудың арқасында банктердің бірі оған үш миллион көлеміндегі несиені 6% беруді мақұлдайды.
– Біріншіден мен Қытайдан станокқа тапсырыс бердім. Макеті мен дизайны бұған дейін дайын болғандықтан қазақтың дәстүрлі сандығын жасауға бекіндім, – дейді Мақсат.

Бастауыш кәсіпкер барлық жұмысты жалғыз өзі игере алмайтындығын түсініп, мүмкіндігі шектеулі екі жігітті көмекке шақырады. Кейде шикізатты жеткізуде оған әкесі көмектеседі. Дайын өнімді жеткізу үшін Мақсат өзіне көлік те сатып алған. Әкесі оны қолмен басқаратындай етіп жасап берген, қазір енді кәсіпкер тауарларын өткізу нүктесіне өзі жеткізуде. Екі ай бұрын ол «Автонұр» базарынан контейнерді жалға алған.

– Қазір шығаратын өнім түрін кеңейтпекпін. Әкеммен бірге ас үй жиһазын жасап көрдім, дегенімен тағы бір станок керек. Жаңа несие алу бойынша құжат тапсырмақпын. Заманауи екі станок пен түрлі құралдарға ие бола отырып болашаққа нық сеніммен қарауға болады, – дейді Мақсат.

Біздің кейіпкеріміз «Үздік қолөнерші» байқауына қатысып облыстық әкімдіктен марапат қағазына ие болған. Жақында танымал әлеуметтік желіден өз парақшасын ашып, өз өнімдерін табысты жүргізуде. Жақындарының қолдауы мен оптимизмі Мақсатқа жаңа өмірге жолдама бергендей.


Назад


Курс валют НБ РК
  • USD Доллар США 319.32
  • EUR Евро 396.28
  • CNY Кит. юань 50.34
  • RUB Рос. рубль 5.66
  • GBP Англ. фунт 447.56

Доска объявлений