Adili аксесуарлары


Adili аксесуарлары
Adili – бұл ұлттық нақыштағы оюлармен ерекше аксесуарлар шығаратын қазақстандық бренд. Оның әрқайсысы авторлық дизайнмен орындалған. Танысып қойыңыздар, басты дизайнер әрі брендті  идеялық  шабыдтандырушы – Әсел Әділ.

Әсел Қостанайда туған. Ол жоғары оқу орнын Қазақстанда бітірген, ал «Қаржыгер» мамандығы бойынша магистратураны Англиядан тәмамдаған. Әсел төрт жыл өз мамандығы бойынша жұмыс істеді, оған қоса Adili брендін дамытумен де айналысты. Өткен жылдың желтоқсан айынан бастап бойжеткен өз ісімен айналысуды ұйғарған.

– Мен балалық шақтан бейнелеу өнерін жақсы көрдім, түрлі оюлар мен кескіндер салатынмын. Ұлттық нақыштағы аксесуарларды шығару брендін жасау идеясы магистратураны бітірген соң келді. 2010 жылы әпкем Индира Әділ екеуіміз арманымызды іске асыруға кірістік. Жібек шыттар мен теріден жасалған аксесуарларды қазақы оюмен шығаруды қолға алдық. Сол жылы Астанадағы  «Сарыарқа» ССО бірінші Adili дүкенін аштық, – дейді Әсел.

Апалы-сіңілі бойжеткендер алғашқы кезеңде нарыққа ешқандай зерттеу жасамаған, тек өздерінің ішкі түсіктері бойынша жұмыс жасаған.

– Біздің ұран «Өзгешелік». Қазақы оюлар тек көрпе, жастықта ғана емес біздің күнделікті тұтынан бұйымдарымызда да болғанын қалаймыз. Мәселен: сөмке, амиан, планшет және ноутбук  тысында, байлауыш, шарф, галстук, белдік және т.б. Біз келесі топтаманы шығаруға үлкен мұқияттылықпен қараудамыз. Бұйымның эскизін жасаған соң сигналдық үлгіні шығарамыз, яғни сапасы, қолайлылығы жағынан сынақтан өткіземіз, – дейді Әсел.

Қазір компания өсіп, бірнеше шағын мамандар командасын біріктірген. Жұмыс бірнеше бағыт бойынша жүруде: ретейл-желісі дамуда, оның ішінде серіктестік, Қазақстанның өзге аймақтарында жаңа дүкендер ашу үшін диллерлер тарту белсенді тартылуда және шетел бойыша да. www.shopadili.com интернет дүкені жұмыс істеуде, ол жерде әлемнің кез келген жеріне жеткізіп беруді ресімдеуге болады. Корпоративтік тапсырыс бойынша компаниялармен жұмыс ретке қойылған. Компания өз тауарларын сайт және әлеуметтік желі арқылы белсенді жүргізуде.

– Біз нарықта бәсекелестікті байқап отырғанымыз жоқ. Ұлттық нақыштағы кәдесиларды шығарумен айналысатын жеке компаниялар бар. Киіз, теріден қазақы оюдағы бұйымдар жасайтын қолөнер шеберлері де бар. Біз күнделікті өмірде тұтынатын аксесуарларды жасаймыз ғой, – дейді Әсел.

Әселдің айтуынша, олардың алғашқы клиенттері туған-туыстары мен достары болған. Алғашқы дүкенді ашқаннан кейін Әсел мен Индира клиенттік база есебін жүргізе бастаған. Көптеген қазақстандықтар мен шетелдіктер олардың бұйымын жоғары бағалап әлі күнге дейін тұрақты клиенті болуда.

– Бренд өзінің нарықтағы 5 жылдық жұмысы барысында біздің шағын командамен Қазақстан бойынша алты дүкен ашылды. Біз әр маусым сайын ассортименті ауыстырып отырмаыз, яғни нарықтың сұранысына қарай. Мен Adili брендінің отанымызда және шеткері мемлекетте де өркендей түсетіндігені сенемін. Жоспарымызда Қазақстанда және шетелде жаңа дүкендер ашу бар. Халықаралық және отандық көрмелерге қатысуға тырысамыз. Жақында ғана Астанада өткен Индустрилизация Күні шарасына қатысып қайттық, – дейді Әсел.


Назад


Курс валют НБ РК
  • USD Доллар США 369.98
  • EUR Евро 428.7
  • CNY Кит. юань 53.48
  • RUB Рос. рубль 5.64
  • GBP Англ. фунт 486.49

-->