Экспресс регистрация
Логин:
Пароль:
 
Пол:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Повторите пароль:
Имя:

Руслан Абдулғаниев: «Біз жүктің жеткізу мерзіміне кепілдік береміз»


Оңтүстік астана тұрғындары арасында  жеткізу қызметінің баяулығы жөнінде көптеген қалжыңдар бар. Алайда, алматылық Руслан Абдуғалиев бұл жағдайды жақсы жағына қарай өзгертуге болатындығына үлгі болып жүр. 2013 жылы ол «Тройка-Экспресс» көліктік-тасымалдау компаниясын ашқан, яғни жүкті Кедендік одақ бойынша кез келген бағыт бойынша жеткізеді. Екі жыл ішінде ол көптеген жетістікке жетіп үлгерген.  

Оның ірі клиенттерінің қатарында: Chocolife.me, «Меломан» дүкені, Fliр.kz бар. Қазақстандықтар түрлі жабдықтар, құрылыс материалдарын, жиһаз, балалар тауарын және автокөлікке қажетті саймандарды сатып алу үшін Ресейге көп барады. Осы тұста айта кетсек, көліктің қысқы дөңгелек комплектісін жеткізу 15 000 теңгеге шығады, бұл сомаға екінің бірінің қалтасы көтере бермейді.

Бастапқыда «Тройка-Экспресс» ЖШС тарихы жай курьерлік қызметтен басталған, кейіннен ғана компания көліктік-экспедиторлік деңгейін жетілдірілген. Руслан, алғашында нарықтағы ірі компаниялар мен жаңа бастап жатқан ойыншылармен жиі араласып тұрғандығын еске алады. Олардың барлығы бірауыздан логистиканың жағдайы мәз емес деген сыңайда кеңес берген. Алайда, жұмысын бастаған ол, тасымал мқлшерін екіге бқлуге болатындығын түсінген. Нарықты зерттеу барысында Руслан басты артықшылықты анықтаған  – көптеген бәсекелестер жеткізу мерзімін бұзған. Егер келісімді сақтасаң клиент міндетті түрде қалады әрі бірге жұмыс істеуін жалғастырады.

- Өркениетті әрі қолжетімді жеткізу қызметін құруды қалар еді. Алайда біз жобаны жабуды жөн санадық. Білгеніміздей ірі жүктерді жеткізу экономикалық тұрғыда анағұрлым тиімді. Біз табысқа деген мүмкіндігі зор сол жаққа кеттік. Осы тұста айта кетсем, курьерлік жеткізу саласы әліде бос, - дейді кәсіпкер.

Табыс оны «Мәскеу-Алматы» бағытында қарсы алды. Бұл бағыт жүктасымалы үшін өте танымал болып шықты. Соңғы екі айда «Тройка-Экспресс» Астанадан Ресейге дейінгі 304 жүк тасымалы өтінімін қабылдап, оны атқарып шыққан.

- Біз екі айда 143 тонна тауар мен жабдықтарды жеткіздік, - дейді Руслан. Оның айтуынша, компанияға тіптен «Мәскеу-Алматы» тасымалы бойынша жеке арнайыландырылған бөлім құруға тура келген, онда кеңес беру, жоспарлау, жеткізуді бақылау жасалады. Жүкті тасымалдаумен бес жүзденаса автокқлік айналысады, мұндай автопаркті басқару ісі оңай емес. Үйлестірумен 10 менеджер айналысады, алғашында  тек үшеумен ғана басталған еді.

- Мәскеуде және Алматыда біздің жеке қоймаларымыз және Мәскеуде аз жүкке бейімделген көлік паркі бар. Мәскеуден Қазаұстанға әр үш күн сайын жүк толы машина шығады. Біз жеткізу мерзімін тура сағатына дейін кепіл береміз. Жүкті толықтай сүйемелдеп, шығарып саламыз, - дейді кәсіпкер.


Назад


Курс валют НБ РК
  • USD Доллар США 361.66
  • EUR Евро 409.51
  • CNY Кит. юань 52.36
  • RUB Рос. рубль 5.41
  • GBP Англ. фунт 459.96

Доска объявлений