Абылай Юсупов: Біз, қазақстандықтар, мықты жобаларды жасай аламыз»



Абылай Юсупов 22 жаста, және ол Қазақстанның табысты кәсіпкерлері қатарына кіреді. Instagram-дағы Queex жобасының жетекшісі, Cov.art дарындылар музыкалық алаңын құрушы, Upgrade Business School кәсіпкерлік мектебінің және Top Generation Group тілдік мектебінің PR-менеджері бізбен тілдесіп, өзінің табысқа жету жолымен бөлісті. 2005 жылы Абылайдың отбасы Екібастұздан Астанаға көшіп келеді. Елордадан мектепті тамамдаған жас жігіт Алматыдағы Менеджмент Университетіне тапсырады (бұрынғы Халықаралық Бизнес Академиясы).

– Оқу кезінде мен өзімнің ЖОО-ғы маркетинг бөлімінде жұмыс істедім, жазда өзге компанияларда қосымша жұмыс атқардым, – деп еске алады Абылай.

Queex  командасына ол, жобаның іске қолылғанына жарты жыл өткен соң жетекші ретінде келген. Абылай мен оның әріптестері Instagram әлеуметтік желісі үшін қысқа бейнелер түсіреді. Олардың қазірдің өзінде әлем бойынша 325  мың жазылушысы бар.

– Queex-те  жұмысты бастаған соң мен тағы бір іспен айналыстым – ол ағылшын тілін үйренуге арналған Top Generation Group оқыту орталығы. Мен осы бизнестің серіктесі болып табылам және PR айналысамын. Үшінші жоба – Upgrade Business School, жастарға арналған  кәсіпкерлік мектебі. Бұны мен бастауыш бизнесмендерді оқыту мен көмектесуге және Алматыда кәсіпкерлік басқосулар мен жиындар өткізу үшін жасадым. Қазірдің өзінде 80 адам біздің мектепте білім алуда. Сонымен қатар, менің төртінші бастамам – Cov.Art, бұл дарындыларға арналған музыкалық алаң. Біз адамдарға өз қабілетін көрсетуге мүмкіндік жасаймыз. Алдағы уақытта музыкалық cover-концерт өткізуді жоспарлап отырмыз, – дейді Абылай.

Жас кәсіпкер, Top Generation Group пен Upgrade BusinessSchool іске қосу барысында серіктестерімен бірге әлеуметтік желіде, интернеттегі хабарландыру парақшаларынан және достары мен танстарынан сұрау жүргізіп,  зерттеу жасағандықтарын еске алады. Баға қою мәселесінде бизнес пен мақсатты аудитория тұжырымына қарап шешім шығарған. Ал Queex пен Cov.Art бойынша нарыққа ешқандай зерттеу жүргізбеген, олар онсыз да өзгеше еді. Абылайға стартаптарды іске қосу кезінде көмектескен құралдардың бірі әлеуметтік желі болып шықты.

– Барлығы ең төменгі бюджетте іске асырылды, оны жүргізу әсіресе интернет арқылы, яғни әлеуметтік желілермен жасалуда. Upgrade School  пен Top Generation Group үшін деректер базасын да сол әлеуметтік желі арқылы құрдық, таныстарға да өтініш жасадық. ВКонтактеде сауалнама жүргіздік. Біздің сегментке ұқсас жобалардың парақшаларын қарап, олардың жазылушыларының әрқайсысына кіріп мәліметтерін жазып алдық, – дейді кәсіпкер.

Ниеттестік және қолайлы жүйе және өнімнің өзі мен кейбір ерекшеліктер оның стартапын өзге бәсекелестерден ерекшелеп тұрады. Абылай Юсупов жеткен бұл жетістікпен тоқтап қалғысы жоқ, алдағы уақытта тағы бір табысты істі іске қосуды жоспарлап отыр.

– Қазір алдымызда үлкен бизнесті құру мақсаты тұр. Бос саланы тестілеп, зерттеудеміз. Алдағы екі жылда біз өзіміздің алғашқы миллион долларлық бизнесімізді құруға ниеттіміз. Біз күллі әлемге,  қазақстандықтар да мықты жобаларды жасай алатындығын көрсеткіміз келеді. Менің ойымша, біздің жастар жақсы тәрбиеленген, алайда жалқаулау және менменшіл емес. Біз осыны өзгерткіміз келеді. Өз басым қазір бірге жұмыс істеп жатқан адал әрі ақылды достар мен серіктестерді тапқанымды мақтан тұтамын. Қазірдің өзінде бізді мекемелер мен адамдар қолдауда. Бірінші кезекте бұл Ксения Южанинова (Алматы Менеджмент университетінің кәсіпкерлік пен инновацияны дамыту орталығы) мен Марданов Дидар Талапұлы. Бізге үлкен сенім артуда. Біз өз тарапымыздан дұрыс бизнес ортасын қалыптастырып және білімді дамыту  арқылы қазақстандықтардың тұрмыс деңгейін көтереміз деп сенеміз, – дейді жас кәсіпкер.



Назад


Курс валют НБ РК
  • USD Доллар США 369.98
  • EUR Евро 428.7
  • CNY Кит. юань 53.48
  • RUB Рос. рубль 5.64
  • GBP Англ. фунт 486.49

-->