Экспресс регистрация
Логин:
Пароль:
 
Пол:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Повторите пароль:
Имя:

Асқат Әбжановтың сүйікті ісін бастау жолы



Асқат Әбжанов өзінің сүйікті ісіне жету жолында 8 жылын сарп еткен. Бұл уақыт аралығында ол мобильдік қосымша және WAKE UP technology сайт жасау компаниясын құрып үлгерген, оған қоса әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің бизнес-инкубаторының жетекшісі және «Қазақстанның жаңа буыны» көшбасшылық мектебін құра білген. Асқат сабақ беруде өз бағытын тапқан енді Қазақстан оқушыларына таңдау жасауға көмектесуде. Асқат үшін табыс дегеніміз – бұл тапқан ақшаны саны емес, өмірдегі бақыт. «Бизнес аумағы» порталына берген сұхбатында ол өзінің табысқа жету жолымен бөлісті. 

Асқат Астана маңындағы Степногорск шағын қаласында дүниеге келген. 

– Менің балалық шағым өте қызықты болды, дегенімен мен үшінші сыныпқа келгенде елде үлкен дағдарыс басталды. Отбасын асырау үшін анам нан пісіріп сатты. Сабақтан кейін мен нанды алып пәтерлерді аралап жүріп сататынмын. Міне, сондықтан мен сатушылық тәжірибесін ерте жастан алдым, – деп еске алады Асқат.

Кейін олар Астанаға көшкен соң тұрмыстары жақсара түседі. Анасы жұмысқа тұрады, дегенімен Асқаттың өзіне жұмыс істеуге деген ынтасы өсе түседі. Жетінші сыныпқа келгенде жас бала досымен бірге өзінің алғашқы бизнесін іске асырады.

– Біз шемішке сатуды қолға алдық. Базардан бір қабын сатып алып үйге әкелдік, жуып, тазалап, қуырдық. Алайда оны апалар сияқты стақандап сатқанымыз жоқ. Біз оны пакетке орап, сауда орталықтарындағы сатушыларға ұсындық. Біздің шемішкелеріміз жақсы өтті. 9 бен 11  сыныптарда мен даяшы болып жұмыс істедім, – дейді жас кәсіпкер.

Жұмыспен қатар ол сабақта да үлкен жетістіктерге жетіп отырған.

– ҰБТ тапсыратын ұақыт келгенде мен 106 балл алдым. Бұл мектептегі ең жоғары көрсеткіш еді. Ол кезде мен «ең мықты» оқушылардың қатарынан болдым, жұмысы ақшасы бар, мектепте әдемі қызбен, оның үстіне ҰБТ-да жақсы тапсырдым. Өмірім оңалды деген осы ғой деп ойладым, – деп күледі Асқат. – Алайда менің сенімділігіме бір сәтте тықыр таяды. Университетке грантқа тапсыруға бір балл жетпей қалды. Ол кезде ата-анам көп қолдау көрсетті, түспей қалсам ақшасын төлеп ақылы бөлімде оқытамыз деді.

Асқат өзін Алматыда сынап көрмек болып әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің «Туризм» мамандығына тапсырады. 

– Ата-анама оқу ақшасын төлеуге көмектесу үшін мен бірден үш жұмысқа орналастым. Бұл менің өмірімдегі рекорд болды. Банкеттерде даяшы болып істедім, қоғамдық қорда модератор және Oriflame компаниясында желілік маркетингпен айналыстым, – дейді ол.
Екінші курста Асқат досы Диаспен бірге шағын бизнес ашады – Wake-Up   ивент-агенттігін.

–  Біз іс-шаралар, сауық кештерін, корпоративтер өткізуге бел будық. Алғашқы іс-шараны «Гавайлық Жаңа жыл» тақырыбындағы сауық кешін Heaven түнгі клубында өткіздік. Бір жарым миллион тенгенің билетін саттық. Алайда, барлығына ақшаны бөліп бергенде, жалға алған орынға және өзге де шығындарды есептегенде біз минусқа кіріп кеттік. Қарызымыз 300 000 теңгені құрады. Сол кезде біз тағы бір іс-шараны өткізуге тәуекел еттік, Мәскеуден танымал рэпперді шақырдық. Бұл шара өте жоғары деңгейде өтті, алайда біз тағыда шығынға баттық. Жалпы қарызымыз 700 000 теңгені құрады. Қарасаң нағыз байбалам салатын уақыт қой, алайда жағымды жағдай орын алды. Dino MC  рэпперінен кейін бізді клубтар жұмысқа шақыра бастады.  Біз Тиматиді, Джинганы, марселді және өзге де ресейлік жұлдыздарды шақырдық. Жылдам қарызымыздан құтылып, әйтеу дегенде табыс таба бастадық, – дейді ол. 

Университетті тамамдаған соң достар өздерін бизнестің өзге саласында байқап көреді.

– Біз екі автожуу орнын аштық, терезе, үй маңдайшаларын жуатын. Оған қоса, мектеп түлектерінің ою суреттерін жасайтын фотостудия аштық. Содан 2012 жылы әйтеу дегенде Wake UpTechnology компаниясын аштық, ол әлі күнге дейін жұмыс істеуде. 



Назад


Курс валют НБ РК
  • USD Доллар США 318.99
  • EUR Евро 393.7
  • CNY Кит. юань 50.28
  • RUB Рос. рубль 5.62
  • GBP Англ. фунт 446.81

Доска объявлений