Экспресс регистрация
Логин:
Пароль:
 
Пол:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Повторите пароль:
Имя:

Нағыз келіндерге арналған қосымша



Алматылық Дидара Пернебаева Қытайдағы университеттердің бірінің халықаралық бизнес және менеджмент факультетін тамамдаған. Қазір ол Назарбаев Университетінің екінші курс студенті әрі Қазақстанда танымал «Kelin» ұялы қосымшасын жасап шығарды. Дидараның қосымшасы көшірілу саны жағынан қазақстандық AppStore-дегі топ-чарт бойынша бірінші орында тұр, яғни WhatsApp, VK, Instagram, Youtube, Shazam, 2GIS, Skype және өзге де сервистерді басып озған. 

– Қосымшаны шығаруға тұрмыс құрған құрбыларым мен таныстарым арасындағы әңгімелер шабыттандырды. Мен олардың отбасылық мәселесін шешуге көмектесетін сервис жасап шығаруды қаладым. Тұрмысқа шығатындардың көбіне жаңа отбасыға бейімделіп кету оңайға соқпайды, – дейді Дидара.


«Kelin» – бұл қазақстандық қыздарға арналған әлеуметтік желі, ол жерде қыздар ұлттық тағамдардың рецептін, отбасында қарым-қатынас жасаудың тәртібімен және көптеген сұраққа жауап ала алады. Қосымшаның аудиториясы – 18 ден 45ке дейінгі  тұрмыс құрған және бойдақ қыздар.


– «Kelin» – бұл менің бірінші стартапым. Мен бұл қосымша арқылы табыс табам деген мақсат қойғам жоқ, мен бар болғаны қазақстандық қыздарға көмектескім келді. Сондықтан оны AppStore немесе PlayMarket-тен еркін көшіріп алуға болады, –дейді Дидара.

Бұл қосымша Арман Сүлейменов ұйымдастырған «The Summer Startup School» жазғы стартап-мектебі аясында жасалған. Ол «Болашақ» бағдарламасының түлегі, танымал қазақстандық стартапшы әрі Пристандық университеттің (АҚШ) магистранты. Дидараға өз идеясын іске асыруға сегіз апта берілген. Жоба қатысушыларымен жасалған мыңдаған ұялы қосымшаның ішінде «Kelin» ең танымал болып шықты. Оны іске қосқаннан кейін бір жарым айдан соң ол 123 мың пайдаланушыны жинай білді. Оған қоса, ондағы «Құпиялар» атты бөлімде 73 мың жазба жазылған.

Дидара, жобасының бірегейлігіне қарамастан онда бәсекелестер көп екендігін айтады.

– Әлеуметтік желілерде адамдар құпиясымен бөлісетін көптеген парақшалар, форумдар бар. Алайда менің жасап шығарған қосымшамның ерекшелігі онда әлеуметтік желіге кірудің қажеті жоқ әрі пайдалануға өте ыңғайлы. Еңбасты артықшылығы – бұл аудитория, яғни проблемалары ұқсас әрі қызығушылық танытатын жас келіндер.

Оның айтуынша, қосымша іске қосылған күні-ақ танымалдылыққа ие болған.

– Менде арнайы жүргізу жоспары болмады, тек Instagram-ға кіріп AppStore-де «Kelin» қосымшасы шыққандығын әрі достарыма осы мәліметпен бөлісуді ғана жаздым. Арман Сүлейменов Yvision-ге қосымша жайлы мақала жазды, сонымен қатар Instagram желісінде де мәлімет берді. Оған көптеген қазақстандық интернет-журналдар қосылған және менен телеарна үшін бірнеше рет сұхбат алды, – дейді Дидара.

Әңгіме барысында Дидара өзінің алдағы жоспарымен де бөлісті.
– Стартапты іске қосқалы екі жарым ай боп қалды. Қазір біз қосымшаның екінші нұсқасы бойынша жұмыс істедеміз: интерфейсін аздап өзгертіп және жаңа санаттарды қосамыз. Оған қоса басқа да көптеген идеяларды қарастырудамыз, сіздер қосымшаның жаңа нұсқасын іске қосу жайлы ақпаратты «Kelin» қосымшасының ресми  парақшасы Instagram @the_kelin оқи аласыздар. Жоба табысты болу үшін оны жақсарту үшін көп жұмыс істеу керек, яғни тоқтамау қажет. Оның үстіне бізге жас жігеттерден де ұсыныстар келіп түсіп жатыр, яғни «Kelin» сияқты еркектерге арналған «Куйеу бала» қосымшасын шығарсаңыздар деген. Біз мұндай нұсқаны да қарастырып жатырмыз, – деп күледі Дидара. – Стартаппен жұмыс істей жүріп, мен өз пайдаланушыларымды тыңдай білу маңызды екендігін түсіндім. Тек солай ғана нақты пайдалы өнімді шығара аласыз.


Назад


Курс валют НБ РК
  • USD Доллар США 319.32
  • EUR Евро 396.28
  • CNY Кит. юань 50.34
  • RUB Рос. рубль 5.66
  • GBP Англ. фунт 447.56

Доска объявлений