Экспресс регистрация
Логин:
Пароль:
 
Пол:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Повторите пароль:
Имя:

Табысты болашақ


Табысты болашақ
Анасы өз  баласын табысты, бай әрі белсенді ретінде көргісі келе ме? Біреудің «жоқ» деп айтуы екіталай. Кейбір ата-аналар тағдыр жазғанына көнеді, ал кейбірі баласын табысқа итермелеу үшін нақты әрекеттерге барады.

Business Kids – бұл Қазақстандағы алғашқы бизнес-мектеп желісі, ол Алматы мен Астана қалаларында жұмыс істейді.

Ольга Агапова, төрт баланың анасы, табысты бизнес леди өз әсерімен бөлісуде: «Менің ойымша бұл балаларға өте қажетті жоба. Бизнес пен экономиканың негіздері қарапайым, ойын үлгісінде керемет оқытушылармен түсіндіріледі. Олар олигарх болып өспей-ақ қойсын, есесіне оның қалай жұмыс істетйіндіген хабары болады. Оның үстіне, мен үшін тағы бір жақсы жағы, бала кезден кәсіпкерлік көзқараспен қарап, қалыптаса береді, өсе келе түрлі мүмкіндіктерді көріп, түсіне бастайды».



Платон мен Матвей, ағайындылар:

«Бізге бұл мектепте өте ұнайды. Бізде қазірден бастап өз бизнесіміз бар – біз білезік өреміз және оны сатамыз. Ал одан түскен қаражатты жануарларды қорғайтын орынға тапсырамыз. Жұмыс істеп ақша табатындар үшін 1000 теңгеден, ал балалар үшін 200 саудалаймыз. Осы уақытқа дейін 28 600 теңге аудардық».


Жібек:

«Бұл менің үшінші сабағым, мұнда өте қызықты. Менің мұнда келу себебім, өскенде бизнес-леди атанғым келеді! Айтпақшы, біз құрбыларымызбен дүкенге барғанда, мен үнемі бағаға назар аударамын, үйткені ең тәттілердің қымбатын алмауға тырысамын».
Қазіргі заманғы оқушылар керемет мүмкіндіктерге ие, тіл үйренуге, спорт, би, музыка және театрмен айналысуға.  Дегенімен, олар өсіп, оқу ордаларын тамамдағанда еңбек нарығына шығады, ал ол жерде мақсатты тұжырымдау, уақыт бойынша өзін басқару, коммуникация және менеджердің сабырлығы сияқты мамандықтар сұранысқа ие. Біз балаларды осы және өзге де бизнес тұжырымдар бойынша оқытқымыз келеді.

Менің ойымша, біз ата-аналар және қоғам, балаларға дайын балықты бергеннен гөрі, оларға балық ұстауды үйреткеніміз жөн. Мынандай ескі мақал бар ғой «Егер сен адамға балық берсең, оны бір күнге қоректендіресің. Егер сен адамды балық аулауға үйретсең, оны өмір бойына қоректендіресің».


Табыс жолындағы алғашқы қадам

Кәсіпкерліктің негізін игере отырып, бала компаниялардың қалай жұмыс істейтіндігі жайында және оның қызметін қандай функциялар қолдайтындығы туралы жүйелік көз-қарасы пайда болады: маркетинг, бухгалтерия, тұлғаларды басқару, сатуды ұйымдастыру, қаржылық жоспарлау. Біздің шеберлік-сыныбы ретінде өтетін сабағымызда балалар компаниядағы бөлімдер арасындағы өзара қатынастар жайлы біледі.



Business Kids осымен үшінші жыл Алматыда сәтті қызмет етіп келеді, сабақтар KIMEP өтеді. Астанада 2015 жылдың соңына дейін филиал ашуды жоспарлап отырмыз.



Дерек көз: «Кенгуру» журналы, № 148 желтоқсан 2014


Назад


Курс валют НБ РК
  • USD Доллар США 343.83
  • EUR Евро 383.95
  • CNY Кит. юань 52.8
  • RUB Рос. рубль 5.06
  • GBP Англ. фунт 486.42

Доска объявлений